Армения ресми түрде ҰҚШҰ елдерінен көмек сұрады
Армения Әзірбайжанмен шекарадағы қақтығысқа байланысты Ресей Федерациясына, ҰҚШҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ресми түрде шағымдануға шешім қабылдады.
Бұл туралы бір сағат бұрын үкіметтің Facebook парақшасында хабарлама жарияланды.
Армения премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі отырысы өтті, оған Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерінен бөлек, президент Ваган Хачатурян мен Ұлттық жиналыс төрағасы Ален Симонян қатысты.
«Арменияның егеменді аумағына жасалған агрессияға байланысты Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың ережелерін орындау мақсатында Ресей Федерациясына, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ресми түрде жүгіну туралы шешім қабылданды» делінген хабарламада.
Армения қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 13 қыркүйекте таңғы сағат 00:05-те Әзірбайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері Сотк, Варденис, Горис, Капан, Артаниш, Ишханасар бағытында артиллерия мен ірі калибрлі зеңбіректерден армян позицияларын қарқынды атқылай бастады.
Ал Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Ереванды бірнеше бағытта ауқымды диверсия жасады деп айыптады.
Жаңалықтар
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден ұқсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаңа әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
- Медициналық сақтандыру бойынша 4,5 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық сотқа жолданды
- Еліміздің мектептерінде жасанды интеллект қалай оқытылады?
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді бақылау туралы келісімге келді
- Екі миллиард теңге несие алаяқтығы: ҰҚТ-ның 20-дан астам мүшесі сотталды
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды