Қарағанды бас санитарлық дәрігеріне қатысты сот ісі басталды
Қарағанды қаласының соты Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің «шектеу шараларын күшейту туралы» қаулысын заңсыз деп тануды талап ететін жергілікті тұрғын Ольга Юрковскаяның талап арызын қарай бастады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Ольга Юрковская карантинді күшейтуді құқықтарды «орасан зор бұзушылық» деп санайды, оған прокуратура жауап бермеді.
– Қозғалыстағы шектеулер мені қанағаттандырмайды. Тұтынушы құқықтары бұзылды, алаңсыз дүкенге шыға алмайсың, отбасыммен бірге өткізетін бос уақытымнан да айрылдым. Жарлық қарапайым туысын жерлеу құқығынан айырып отыр. Конституциялық еңбек құқығы бұзылды, дискриминация орын алды: біреулері жұмыс істей алады, басқалары табыстарынан айрылды, оларға тыйым салынды. Шектеу енгізіліп жатыр, бірақ бәріміз одан ештеңе шықпай жатқанын көріп отырмыз. Бұл шаралардың еш пайдасы жоқ, азаматтар қарсыласа бастаса, оларды бірден басады, - деді ол.
Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин сот отырысына қатысқан жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұстанымын санитарлық дәрігердің өкілі Дмитрий Арнт мәлімдеді. Оның айтуынша, карантиндік талаптар «өз жемісін беруде». Ол облыстың наурыз мерекелерінен кейін «қызыл аймаққа» енгенін атап өтті.
– Біздің барлық талаптар бірінші кезекте ДДҰ-ның ресми зерттеулеріне негізделген. Олар эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған халықтың қауіпсіздігі үшін енгізілді, - деді Арнт сот барысында.
Бұл Қарағанды сотына мұндай арыздар көптеп түседі, олардың бірі бірінші рет қаралып жатыр. Азаматтардың айтуынша, шектеулер адамдарға «психологиялық қысым жасайды».
Юлия Дакимова, Қарағанды облысы
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- Иран АҚШ-тың блокадасына жауап ретінде Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жабатынын мәлімдеді
- Вашингтондағы келіссөздер: Рубио мен Жұманғарин не туралы сөйлесті?
- Погон таққан балуан қыз халықаралық жарыста І орын алды
- Атырауда полиция басқармасының басшысы ұсталды
- Шымкентте автогаз табу – нағыз сынаққа айналды
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты БАӘ шейхына қолдау білдірді
- Қазақстан құқықтық көмек туралы конвенциядағы өзгерістерді ратификациялады
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек