«Ақсу» шаруа қожалығы мемлекетке жарты миллиардқа жуық субсидияны қайтарады
Ақсулық кәсіпкерлер шаруа қожалығының құрылысына бөлінген қаражаттың бір бөлігін қайтару үшін субсидия алғанымен, мемлекеттік органдар тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.
Іс облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралды. Талапкер ауыл шаруашылығы басқармасы болды. Ол «Крон-Агро» КХ-мен инвестициялық субсидиялау туралы келісімді жарамсыз деп тану, сондай-ақ негізсіз алынған бюджет ақшасын мемлекетке қайтаруды сұрады, деп хабарлайды «Павлодар-онлайн».
«Талапкер сотқа осы талаптармен жүгініп, «Крон-Агро» шаруа қожалығы» ЖШС Ақсу қаласында мың бас ірі қара малға арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысын аяқтағаннан кейін несиенің бір бөлігін қайтару мақсатында инвестициялық субсидиялар беру туралы өтініш бергенін алға тартты» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Өтінішті қарау қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық субсидиялау шартына қол қойып, оның аясында шаруа қожалығына бюджеттен 490 миллион теңгеге жуық қаражат төленді. Алайда, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті тексеру барысында СТФ құрылысы кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама талаптарының бұзылуына жол берілгенін анықтады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттар түзетілмей, сараптаманың оң қорытындысы алынбай жүргізілгендігі бойынша заң бұзушылықтар айтылды.
Сот талқылауы барысында, жоба бойынша жем цехының ғимараты тік бұрышты, қабырғалары силикат кірпіштен, жабыны темірбетон плиталардан тұруы тиіс болғаны анықталды. Шындығында, жем цехының пішіні жартылай шеңберлі болып шықты, металл конструкциядан жасалған ангар типті, профильді қаңылтырмен жабылған, қабырғалары басқа материалдан және басқа конфигурациядан жасалған. Бұл ретте шаруа қожалығының жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болмаған.
Жауапкер жоғарыдағы фактіні жоққа шығарған жоқ. Сот «ЮШ» пен «Крон-Агро» арасында жасалған келісімді жарамсыз деп тану туралы шешім шығарды. Шаруа шаруашылығы субсидия ретінде берілген ақшаны мемлекетке қайтаруы керек. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Алаяқ азаматтарға жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, алдаған
- Алматыдағы иесіз электр желілері коммуналдық меншікке өтеді
- «Фукидид қақпаны»: Си Цзиньпин Трампқа нені ескертті?
- Елімізде биыл алғашқы тоқсанда 77 трансплантация жасалды
- Санжар Боқаев 18 маусымға дейін қамауда қалады
- ҚТЖ топ-менеджменті бір жылда бір миллиард теңгеден астам сыйақы алды
- Адамның есін шығаратын оқиға: Есік қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақталды
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр