Еліміздегі «Aманат» пен «Әділет» партиялары біріге ме?
Коллаж: Orda.kz
Парламенттегі көпшілік дауысқа ие болып отырған Amanat партиясы жаңадан құрылған президенттік Әdilet партиясымен бірігеді деген ақпарат соңғы кездері көп талқыланып жатыр. Бұл мәселе партия съезінде ресми түрде қаралатын басты тақырып ретінде ұсынылады деген де сөз бар, деп хабарлайды Orda.kz дереккөзге сілтеме жасап.
12 маусымда Amanat партиясының XXVI съезі өтеді. Осы жиында «Әділет» партиясымен бірігу туралы соңғы уақыттағы халық арасында тарап жатқан ақпарат расталуы мүмкін. Әзірге бұл жөнінде ресми мәлімдеме жасалған жоқ, алайда мәселе съезд алдындағы күн тәртібіне енгізілген тәрізді.
Әdilet партиясы да бұл тақырыпқа қатысты әзірге ресми пікір білдірмеді. Дегенмен олардың екінші партия съезін Amanat партиясының съезінен екі күннен кейін — 14 маусымға белгілегені белгілі болды.
Бұл екі партияның алдағы қадамдарын үйлестіріп, саяси шешімді Amanat съезінен кейін рәсімдеуге дайындалып жатқанын көрсетуі мүмкін.
Партияға жақын сарапшылардың бірі Orda.kz-ке берген пікірінде, бірігу туралы әңгімелер аясында Amanat бұл процесті тек саяси шоғырландыру ретінде көрсетіп қана қоймай, жаңа саяси кеңістікті қайта қалыптастыруға да ұмтылып отырғанын айтты. Бұл ретте партия бұрынғы жағымсыз пікірлерден арылуға тырысады.
Оның сөзінше, Amanat ішінде бұл үдеріс жаңа партияны ірі әрі ықпалды саяси күштің «жұтып қоюы» ретінде қабылдануы мүмкін екенін де түсінеді.
«Бұл бір партияның екіншісін жұтып қойғаны сияқты көрінбеуі керек, өйткені ондай әңгімелер қазірдің өзінде айтылып жатыр. Бұл — болашақ үшін бірігу», — деді дереккөз.
Сондай-ақ ол түпкілікті шешім ұжымдық түрде қабылданатынын атап өтті, өйткені съезд — партияның ең жоғарғы органы. Сол себепті Amanat әзірге бірігу туралы ресми мәлімдеме жасамай, съездің шешімін күтуді жөн көріп отыр.
«Amanat-тың мәні де осында — шешім ұжымдық түрде қабылданады. Бізде ең жоғары орган — съезд бар. Соны күтейік, содан кейін көреміз», — деді дереккөз.
Қазақстан жаңа бірпалаталы парламент — Құрылтайға сайлауға дайындалып жатыр. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін қазіргі екі палаталы парламент таратылып, Құрылтайдың жаңа құрамы партиялық тізім бойынша сайланатын болады.
Осы жағдай аясында Қазақстанда жаңа президентшіл Әdilet партиясы пайда болды. Кейін Әdilet ресми тіркеуден өтті. 2026 жылғы 7 мамырда Астанада «Әdilet» партиясының құрылтай съезі өтіп, онда партияны құру туралы шешім қабылданды. Құрылтай съезінде «Әdilet» партиясын құру туралы шешімді 931 делегат қолдап дауыс берді.
Жаңа партия президенттік бағытты қолдайды және конституциялық реформаларды жақтайды. Осыған байланысты саясаттанушылар оны Amanat-пен салыстырып, алдағы Құрылтай сайлауы алдында партиялық алаңның қайта форматталуы мүмкін екенін талқылай бастады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қуат Хамитов Қазақстанда басшылық қызметке тағайындалды: федерация таңдауын түсіндірді
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
- Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
- 240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
- Тоқаев ТЖМ басшысына заманауи технология енгізіп, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді
- Таразда аутизмі бар баланы балабақшада байлап ұйықтатпақ болған: Анасы жай-жапсарын айтты
- Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер қыркүйек айының соңына дейін тоқтатылды
- Алматыда әйелді балағаттаған ер адамға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр
- Оқушылар арасында ауру көбейді: 242 мың бала есепке алынды
- Еліміздің оқушыларына өмірлік қиындықтарды еңсеру дағдылары үйретіледі
- «Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде үш жаңа міндетті пән болады
- Үкімет басшысы 100-ден астам мектептің жөндеу жұмысын екі аптада аяқтауды тапсырды
- Трампты қолдау рейтингі 33%-ға дейін төмендеді — бұл оның президенттігі кезіндегі ең төмен көрсеткіш
- Бас прокурор: Шетелдегі 12 алаяқтық байланыс орталығынан түскен миллионнан астам қоңырау тоқтатылды
- «Депрессия» туралы әзіл: NARXOZ университетінің жазбасы сынға қалды
- Алматыда ескі көліктерді арнайы компания арқылы сатып алу тетігі іске қосылады