Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы плиталар не үшін ауысып жатыр?
Фото: Orda.kz
Алматы қаласында Сәтбаев пен Желтоқсан көшесінің қиылысында орналасқан әкімдіктің алдына қоршаулар қойылып, аяқ асты құрылыс жұмысы басталып кетті. Неліктен қаладағы басты көшелердің бірінде плиталар мен жол төсемдері ауыстырылып жатыр?
Orda.kz тілшісі бұл құрылыс туралы әкімдіктен жауап алды.
Жоба халықаралық және отандық жобалау ұйымдарының қатысуымен әзірленген. Тұжырымдамалық шешім британдық LDA Design компаниясымен дайындалған, ал бас жобалаушының функцияларын қазақстандық High Garden Architects ЖШС жүзеге асырады.
Әкімдік өз жауабында, брусчатка жабынын ауыстыруға басты себеп – оның тозуы екенін мәлімдеді.
«Жобаны іске асыру аясында механикалық және климаттық әсерлерге төзімділігі жоғары, беріктігі арттырылған гранит брусчатка төсеу қарастырылған. Бұл шешім жабынның қызмет ету мерзімін ұзартуға және абаттандыру сапасын арттыруға мүмкіндік береді» деп жазды Алматы қаласының әкімдігі.



Ескі брусчаткалардың жарамдылары аудан әкімдіктеріне беріліп, басқа да нысандарды абаттандару кезінде қайта пайдаланылады.
Әкімдік Сәтбаев көшесіндегі құрылыс жұмыстары осы жылдың маусым айында аяқталатынын, ал қала бойынша, толығымен абаттандыру жұмыстары қараша айында бітетінін жазды.
«Сонымен қатар, қалалық инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту бағдарламалары аясында Сәтбаев көшесінен бөлек, Розыбакиев, Жароков, Сәтбаев, Сейфуллин, Тимирязев, Жандосов, Абай, Майлин, Бұқар жырау, Масанчи, Жолдасбеков, Меңдіқұлов, Мүсірепов көшелеріне күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған» деп жауап жазды әкімдік.
Бұрынғы брусчаткалардың кей бөлігі жерге жартылай кіріп кеткендіктен әкімдік оларды ауыстыру жөнінде шешім қабылдаған. Алайда әкімдік қанша қаржы жұмсалғанын нақтыламады. Өз жауаптарында олар тек жобаны қаржыландыру тәртіпке сәйкес, тиісті бюджеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылатынын және қаржыны мемлекеттен алып отырғанын ғана жазған.
Нысандарды абаттандыруды «Жасыл-жер» ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асырады.
Оқи отырыңыз:
- Зейнеткерді соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты
- Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
- Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық