Алматыдағы Hilton қонақүйі жабылды: 170 қызметкер бір күнде жұмыссыз қалды
Фото: Orda.kz
Алматыдағы ең танымал қонақүйлердің бірі — Hilton Almaty жұмысын тоқтатты. Қонақүйдің жабылуы салдарынан шамамен 170 қызметкер бір күнде жұмыссыз қалды. Orda.kz тілшісі оқиға орнында болып қайтты.
Соңғы жылдары болған оқиғаларды қысқаша еске түсірейік.
- 2017 жылы «Абли-Құрылыс» ЖШС иесі Шолпан Каранеева Hilton франшизасын сатып алу және қонақ үй ашу үшін Capital Bank Kazakhstan-нан 4 миллиард теңгеден астам несие алды. Алайда, пандемия басталған соң, қарызын өтей алмай, қонақ үй жұмысын тоқтатты.
- 2021 жылы Capital Bank лицензиясынан айырылды. Банкроттыққа ұшыраған қаржы ұйымында «Қазаэронавигация» кәсіпорнының 14,7 миллиард теңгесі сақтаулы болған. Сол себепті, банк мемлекеттік компания алдындағы қарызды өтеу үшін несие ала алмай қалған клиенттерден қаражат өндіріп ала бастады. Олардың қатарында «Абли-Құрылыс» ЖШС те бар.
- Capital Bank-тің банкроттығынан кейін қонақ үй «Заңгер» коллекторлық агенттігінің меншігіне өтті. Кейін ол Қайрат Сатыбалдыға тиесілі Baidala V компаниясына сатылды.
- 2023 жылдың қаңтарында Baidala V түрмеде отырған Қайрат Сатыбалдының өзіне Hilton қонақ үйін рәсімдеді. Ал көп ұзамай, ол бұл активті мемлекетке «сыйға тартты». Қазіргі уақытта қонақ үйдің заңды иесі – Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания.
Қонақ үй заңсыз түрде коллекторларға берілді. Компания өкілдерінің айтуынша, оған қатысты ешқандай сот шешімі болмаған. Қонақ үй бағасы төмендетіліп көрсетілген. Тәуелсіз сарапшылар жылжымайтын мүліктің нарықтық құны 10 миллиард теңгеден астам деп бағалаған. Бірақ бағалаушы 5 миллиард теңге деп көрсеткен. Бұл қаражатқа жабдықтар мен жиһаз кірмеген.
- Рейдерлік басып алу фактісі бойынша іс жабылды. Компания өкілдері прокуратураның талабы бойынша тергеудің тоқтатылғанын мәлімдеді.
- Қайрат Сатыбалды түрмеде отырып қонақ үйді қалай сатып алды? Бұл сұрақты Orda.kz бір жыл бұрын Антикорға қойған, бірақ әлі күнге дейін жауап ала алмады.
Қонақ үй қалайша мемлекеттік активке айналды? Ол жеке компанияның қаражатына салынған және ешқашан мемлекет меншігінде болмаған. Шолпан Қаранееваның әпкесі Аман Өтешованың айтуынша, олар коллекторлар мен бағалаушылардың әрекеттерінің заңсыздығын дәлелдеуге тырысқан. Тіпті рейдерлік басып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауға қол жеткізген. Алайда, Өтешова атап өткендей, бұл іс Алматы прокуратурасының талабымен жабылған.
Екінші мәселе – Қайрат Сатыбалдының түрмеде отырып, қонақ үйді қалай сатып алғаны. Айтпақшы, Orda.kz бұл сұрақты бір жыл бұрын Антикорға жолдаған. Ведомство жауап беруге уәде еткенімен, мәселе сол күйі ашық қалды.
«Абли-Құрылыс» өкілдері көтерген үшінші басты сұрақ – қонақ үй ешқашан мемлекеттік актив болмаса да, қалайша мемлекеттің қолына өтті. Бұл нысанды жеке компания салған және оған иелік еткен. Бренд иесінің әпкесінің айтуынша, олар керісінше, ғимараттың коллекторларға және Қайрат Сатыбалдының компаниясына заңсыз берілгенін дәлелдеуге тырысқан.
Еске салсақ, сот орындаушылары қонақүйге бірнеше рет келген. Алғаш рет 21 мамыр күні келіп, нысанның есіктеріне мөр басып кеткен. Сол кезде қонақүй әкімшілігіне ғимаратты босатуға 10 күн уақыт берілген.
Қонақүй өкілдері бұл мерзімнің тым қысқа болғанын айтады.
«16 мың шаршы метр аумақты алып жатқан үлкен қонақүйді небәрі 10 күннің ішінде толық босату мүмкін емес», дейді заңгерлер.
Одан кейін 3 маусым күні сот орындаушылары қайта келіп, қонақүй есіктерінің құлыптарын ауыстырған. Сол жолы тараптар тағы келісімге келіп, қонақүйді көшіруге қосымша 10 күн уақыт берілген.
Алайда қонақүй өкілдерінің сөзінше, дәл сол күні түстен кейін ешқандай ескертусіз су беру тоқтатылған. Сол кезде қонақүйде 114 қонақ болған. Қазіргі уақытта Hilton Almaty соңғы қонақтарын шығарып салып, бөлмелер мен мүліктерді босатып жатыр.
Қонақүй басшылығы сот орындаушыларының әрекеттеріне күшпен қарсылық көрсетпейтінін мәлімдеді. Нысан аумағында Алматы қаласының кезекші прокурорлары мен полиция қызметкерлері де болған. Сонымен қатар қонақүй заңгерлері мемлекетпен коммуналдық қызметтерді, соның ішінде су мен электр энергиясын төлеп, жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беретін келісім болғанын алға тартып отыр.
Hilton өкілдері даудың мұнымен аяқталмайтынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, алдағы уақытта бұл мәселеге қатысты сот процестері басталады және олар өз құқықтарын сотта қорғауға ниетті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Атырау әкімінің орынбасары мен коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары тергеуге ілікті
- «Нағыз апокалипсис»: Ақтөбе әр жаңбырдан кейін су астында қалады
- Сынған қабырғалары өкпесін тесіп өткен: 10 жасар бала кернеуі 6000 вольттық токқа түсті
- Үстіртте сирек кездесетін барыс фототұзаққа түсті
- Мұхтар Жәкішев шетелдік құдалықты сынағандарға жауап берді
- Алматыдағы Hilton қонақүйі жабылды: 170 қызметкер бір күнде жұмыссыз қалды
- Қашқадариядағы газ құю бекетіндегі жарылыс болып, алты адам тірідей жанып кетті
- Қытай ЖИ-ғалымдарын елден ешқайда шығармайтын болды
- Еліміздегі «Aманат» пен «Әділет» партиялары біріге ме?
- Алматыда гимназияның үздік оқушысы соңғы қоңырау алдында өзіне қол жұмсады
- Трамп Нетаньяхуға Иранмен соғыста жалғыз қалатынын ескертті
- Әл-Фарабидегі жол апаты: Куәгерлердің бәрі Пактың ішімдік ішкенін көрмегенін айтты
- Қырғызстанның экс-депутаты Ұлықбек Қошқаров АҚШ-та курьер болып жұмыс істеп жүр ме?
- Мектеп қызметкері мас болып көлік айдап, екі бала мен жүкті әйелді қағып өлтірді
- Қызылорда облысындағы қайғылы оқиға: Жоғалып кеткен 6 жасар қыздың денесі Сырдариядан табылды
- Кәмелет жасына толмаған есірткі таратушы төрт жарым жылға сотталды
- Си Цзиньпин КХДР-ға жеті жылдан кейін алғашқы мемлекеттік сапармен келді
- Құрылыс кодексі: Әкімдіктер заңсыз құрылысты анықтауға міндетті
- Сайлау қорытындысы: Армениядағы парламент сайлауында Пашинянның партиясы жеңіске жетті
- Қызылорда облысында қыздың өлімінен кейін тұрғындар арасында «маньяк» туралы қауесет тарады