Трамп Нетаньяхуға Иранмен соғыста жалғыз қалатынын ескертті
Фото: hromadske.ua
Дональд Трамп кеше Биньямин Нетаньяхуға егер жаңа соққылар кең ауқымды соғысқа ұласса, Израиль «Иранға қарсы жалғыз қалуы мүмкін» екенін ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы АҚШ президенті №12 телеарнасына Нетаньяхумен телефон арқылы не сөйлескенін түсіндіру барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, ол Нетаньяхудан зымырандық шабуылға жауап бермеуді сұрап, Израиль соққысының ауқымын қысқартуға қол жеткізгенін мәлімдеді.
Трамптың сөзінше, оған АҚШ пен Иран арасындағы делдалдыққа қатысып отырған аймақ елдері тарапынан да қысым болған. Ол бес мемлекет Нетаньяхуға ықпал етіп, соққыларды тоқтатуға және келісімге келу мүмкіндігін сақтауға көмектесуді сұрағанын айтты.
«Мен оған не істеп жатқаныңа өте мұқият қара, өйткені жақын арада Иранға қарсы жалғыз қалуың мүмкін дедім» деп ағынан жарылды Трамп.
№12 мәліметінше, әңгімеге куә болған адамдар Трамп Нетаньяхудан дипломатиялық әрекет үшін тағы бірнеше күн сұрап алғандай әсерде қалған.
Алайда кейін Израиль премьер-министрі күштік құрылым басшыларымен кеңес өткізіп, қайта байланысқа шығып, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиоға Иранға соққы жасау туралы шешім қабылдағанын хабарлаған.
«Израильдіктер бізді өте кеш хабардар етті. Бізге белгілі болғанда Иранға қарай жолда еді. Мен соққының ауқымын қысқартуға қол жеткіздім», – деді Трамп.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық