Алматыда тағы да рұқсат етілмеген митинг: Live

cover

Бұған дейін Қазақстанда рұқсат етілмеген митингілерді 1 мамырда өткізу жоспарланып отырғаны белгілі болды.

1 мамырда елордада, Алматыда, Шымкентте және Ақтөбеде Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының жетекшісі (астаналық сот оны «экстремистік ұйым» деп атайды) Мұхтар Әбләзов әлеуметтік желілер арқылы өз жақтастарын митингке шығуға шақырды. Рұқсат етілмеген митингте мәжбүрлі вакциналау, бағаның өсуіне жол бермеу, саяси тұтқындарды босату талап етілді.

 Orda.kz. ақпараттық порталының тілішілері Алматыдағы митинг өтеді деп белгіленген орыннан оқиға барысын тікелей хабарлап отырады.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Бауыржан Мырзакеров, сондай-ақ Шымкент қаласының прокуроры Қожабаев Мақсат тұрғындарды жауапкершіліктерін еске түсіре отырып, рұқсат етілмеген акцияға қатыспауға шақырды.

Бір күн бұрын не болып еді?

Шетелде тұратын қашқын банкир Әбләзов Горький атындағы орталық саябақты наразылық акциясы өтетін орын ретінде көрсетті.

30 сәуірде Алматы әкімдігі 1 және 2 мамырда Орталық саябақ аумағында «троллейбус желісі мен кабельдік желіге жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты» қоғамдық көліктердің бағыты  өзгереді деген хабарлама таратты. Әкімдік мұның жеке көліктегі жүргізушілерге де қатысты екенін, өйткені «қайта құру жұмыстарына байланысты  көше толығымен жабылады» деп қосты. Осыған байланысты тұрғындар жапсарлас көшелермен ғана қозғала алады.

Саябақтың өзі, әкімшіліктің айтуынша, демалыс күндері «дезинфекциялау» жұмыстарына байланысты  жабық болады.

Болжалды митингтер қарсаңында, «Азаттық» радиосының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар қалаларында белсенділерді қудалау туралы хабарлар пайда болды. 29 сәуірде Шымкенттегі әкімшілік сот азаматтық белсенді Ерғали Құлбаевты өткен аптада «әкімдікпен келісілмеген наразылық акциясына қатысқаны үшін» 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Ақтаулық Ұлболсын Тұрдиева деген белсенді сол айыппен 15 тәулікке қамауға алынды. Өңірлерде кейбір белсенділер үйлерінің жанында полиция машиналарын көргенін хабарлады. Шымкент қаласында бейсенбіде белсенді  Жанмұрат Аштаевтың үйіне полиция қызметкерлері келіп, оның қайда екенін сұраған.

30 сәуірде елорда, Алматы, Шымкент және Ақтөбе облысы прокуратураларының сайттарында жергілікті прокурорлардың осыған ұқсас мәтіні бар өтініштері «қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтаңыздар, арандатушылыққа бой алдырмаңыздар және өздеріңізді заңсыз әрекеттерге қатысудан сақтаңыздар» деген үндеулер пайда болды. Прокуратура сонымен бірге COVID-19 пандемиясына байланысты адамдардың жаппай жиналуымен іс-шаралар өткізуге тыйым салынғанын еске салып, «облыста заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған» деп ескертті. Оның ішінде - абайсызда жаппай ауруға, инфекцияға, адамның өліміне әкеп соқтырған санитарлық ережелерді бұзу - 2 мың АЕК айыппұлынан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін болатындығы ескертілген.

Кездесу белгіленген күні

1 мамыр. Алматы. Горький атындағы орталық саябақ.

12.30 - саябаққа баратын жол жабық. Патруль қызметкерлері тұр. Жақындаған көліктер бұрылып кетіп жатыр. Интернет байланысы шамамен екі-үш квартал бойына жоқ.

12.40 - кіре берісте дезинфекциялық жұмыстар жүргізілмегенімен, арнайы көлік бар.

Қақпаға ақпараттық жазба бекітілген.

13.30 - кіреберіс алдында полиция «саяси тұтқындарға бостандық!» деп ұран салған,  қолдарында плакаттары бар бес әйелді ұстады. Сонымен бірге, бір адам журналистің түсіру құралын  қолшатырмен жауып,  кедергі келтірді.

13.20 - оқиға тез өрбіді, белсенділерге сөйлеуге рұқсат берілмеді, әйелдерді білектерінен ұстап, автозактарға  итеріп кіргізді.

ҚР Қылмыстық кодексінің заңды кәсіптік қызметке кедергі жасау туралы 158-бабына қарамастан, ұстау кезінде журналистер мен белсенділер арасында беймәлім киімдегі «титушкалар» деп аталатын белгісіз адамдар пайда болды, ал олар түсірілімге кедергі жасап, түсіру құрылғыларын қолшатырмен жауып тастады.

13.30 - Бірнеше минуттан кейін әйелдерді тиеген автозак белгісіз бағытта жүріп кетті.

13.40 - Айналада полиция қызметкерлері көп, олар әр 100 метр сайын құжаттарды тексереді, ал саябаққа санитарлық тазалық жүргізіліп жатыр деп ешкімді кіргізбеді.

13.55 - Orda.kz журналистерінің хабарлауынша, саябақтың қақпалары жабық болғанына қарамастан Орталық Горький саябағында қала тұрғындары серуендеп жүр.

Сонда жүрген адамдардың айтуы бойынша, олар саябақтың артқы жағынан кірген және ол жерде әлі күнге дейін санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілмеген.

Саябаққа кіретін есік  тек жиналыс өтетін жерде ғана жабық.

Репортаж авторы: Бағдат Асылбек

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар