Қазақстанда әуетакси мен дрондарды пайдалануға арналған заңнамалық негіз қалыптасты
Фото: Orda.kz
Президент елімізде eVTOL (тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын ұшу аппараттары) негізіндегі аэротаксиларды пайдалануға рұқсат беретін және ұшқышсыз авиацияны реттейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Осылайша, Қазақстан АҚШ, Еуропалық одақ, Оңтүстік Корея және Қытаймен қатар мұндай көлік түрлеріне арналған дамыған құқықтық реттеу жүйесі бар елдердің қатарына қосылды.
Түзетулер әуе кеңістігін пайдалану туралы заңға енгізілді. Олар «озық әуе мобильдігі» ұғымын заң жүзінде бекітіп, eVTOL аппараттарын пайдалану қағидаларын және олардың ұшып-қонатын арнайы алаңдары – вертипорттардың құқықтық мәртебесін айқындайды.
Сонымен қатар, осындай көлік құралдарының операторларын сертификаттау тәртібі белгіленіп, дрондардың ұшуын цифрлық басқару жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе ұшу бағыттарын бақылап, әуе кеңістігіндегі ұшқышсыз аппараттардың қозғалысын үйлестіретін болады.
Бұдан бөлек, киберқауіпсіздік талаптары күшейтіліп, ұшқышсыз ұшу аппараттарын тіркеу, пайдалану және сертификаттау тәртібі де нақты реттелді.
Біз жақында ҚР ІІМ-де дрон операторларын оқыту зертханасы ашылғанын хабарлағанбыз. Ішкі істер органдарын жаңғырту мен цифрландыру үдерісі аясында полиция қызметкерлері ұшқышсыз авиациялық технологияларды белсенді түрде игеріп жатыр.
ІІМ-нің жедел-криминалистикалық департаменті жанынан арнайы оқу-жаттығу зертханасы ашылып, онда тәртіп сақшылары дрондарды басқару бойынша кешенді дайындық жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық