Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
Фото: Pexels
Алмалы қалаға көктем оралды. Демек, бұл алдағы уақытта жастар көкке шығып, көңіл көтереді дегенді білдіреді. Алайда қай жерлерге пикник жасауға болады?
Orda.kz Алматыдағы пикникке шығуға ыңғайлы орындармен бөліседі.
Бірінші президент атындағы саябақ

Бірінші президент саябағы Алматыдағы ең танымал және әмбебап орындардың бірі. Үлкен жасыл алаң, артында таулардың әдемі көрінісі. Адам көп келеді және кең болғандықтан, ыңғайсыздық болмайды. Мұнда көбіне жұптар, достар, отбасылар жиналады. Кешке қарай атмосферасы тіпті романтикалық сипатқа ұласады.
28 панфиловшылар саябағы

28 панфиловшылар бағы – ескі тарихи саябақ. Мұнда ағаштар көп, көлеңке жақсы — жазда салқын болады. Қасында Вознесенский соборы бар, сол себепті атмосферасы ерекше. Пикникке шығуға болады, бірақ көбіне тыныш отырып демалуға таптырмас орын.
Тереңқұр

Тереңқұр – табиғат аясында демалуға жақсы нұсқалардың бірі. Таудың ішінде, өзен бойымен ұзын жолы бар. Жолда отырып пикник жасауға болатын жерлер кездеседі. Ауа өте таза, шу жоқ, табиғи атмосфераны сезінесіз.
Үлкен Алматы көлі

Үлкен Алматы көлі – Қазақстандағы ең керемет орын. Өз сүйгеніңізбен баратын орындардың бірі. Алайда бұл жерге жету үшін көлік қажет. Пикникке баруға болады, бірақ бұл жер көбірек табиғатты тамашалауға арналған.
Медеу шатқалы

Таудағы ғажайып көріністер. Өзен, таза ауа, ағаштар — бәрі бар. Жол бойында пикникке тоқтайтын жерлер көп. Достарыңызбен, жұбыңызбен тіпті алыстан келген туыстармен де барып Алматының табиғатын көрсете аласыз.
Оқи отырыңыз:
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты