Алматыда гимназияның үздік оқушысы соңғы қоңырау алдында өзіне қол жұмсады
Фото: Pixabay.com
Алматыдағы гимназияның үздік оқушысы соңғы қоңырауға санаулы күн қалғанда өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиға 23 мамырға қараған түні Әуезов ауданында түнгі сағат 03:00 мен 04:00 шамасында болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыдағы №126 мамандандырылған лицей оқушысының қайғылы қазасына байланысты мән-жай анықталып жатыр. Марқұмның таныстары мен ұстаздары бұл жағдайға әлі күнге дейін сене алар емес. Себебі оқушы мектептің үздік шәкірттерінің бірі болып, болашағына үлкен жоспар құрған.
Мектеп директоры Айжан Әбуеваның айтуынша, жасөспірім оқу үлгерімімен ерекше көзге түскен.
«Ол өте жақсы оқыды. Оны АҚШ пен Қытайдың оқу орындары білім алуға шақырған. Бұл туралы мектепте ешкім білмеген, ақпарат тек жерлеу рәсімінде айтылды. Сондай-ақ ол қатарлас сыныптағы қызбен кездесіп жүрген», — деді директор.
Түлек ұлттық бірыңғай тестілеуде де жоғары нәтиже көрсеткен. Қаңтар айында өткен ҰБТ-дан ол 119 балл жинаса, кейінгі сынақ тестілерінің бірінде 134 балл алған. Мамыр айында негізгі емтиханды тапсыруы тиіс болған. Сонымен қатар ол математика пәнінен олимпиадаларға белсенді қатысып жүрген.
Оқушының жақындары оның мінез-құлқынан ешқандай күмәнді белгі байқалмағанын айтады. Қайғылы оқиғаға бір күн қалғанда, 22 мамыр күні ол мектептегі соңғы қоңырауға арналған вальс биінің дайындығына қатысып, көтеріңкі көңіл күймен оралған.
«Ол соңғы қоңырауда міндетті түрде өзінің мұғалімін биге шақыратынын айтты. Өте көңілді жүрді. Сол күні кешке үйіне келіп, анасына «ет жейік» деген. Кейін бәрі демалуға жатқан», – дейді Айжан Әбуева.
Белгілі болғандай, марқұм отбасындағы үшінші бала болған. Қазіргі уақытта тергеу барысында отбасылық қиындықтар болуы мүмкін деген нұсқа да қарастырылып жатыр. Алайда сырт көзге отбасы тату-тәтті көрінген. Сынып жетекшісінің айтуынша, ата-анасы мектеп жиналыстарына үнемі қатысып отырған және үйде қандай да бір мәселе немесе жанжал туралы айтылмаған.
Оқи отырыңыз:
- Әл-Фарабидегі жол апаты: Куәгерлердің бәрі Пактың ішімдік ішкенін көрмегенін айтты
- 1,2 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Алмасбек Садырбайдың ісі: Сотта қандай мәселелер көтерілді?
- Си Цзиньпин КХДР-ға жеті жылдан кейін алғашқы мемлекеттік сапармен келді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық