«Қыз Жібек» Меруерт Өтекешева: Жыр болған қамзол, отбасылық қайғы мен 1 миллион зейнетақы
Коллаж: Оrda.kz
Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген кино және театр әртісі Меруерт Өтекешева соңғы кезде қоғамда қызу талқыланған қамзол, Баян Алагөзованың 1 млн теңге көлеміндегі өмірбақилық зейнетақысы, жалғыз ұлы мен жолдасының қазасы, баспанасыз қалған шағы және қызының ауыр дерті жайлы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналист Майя Бекбаеваға берген сұхбатында «Қыз Жібек» фильмінің басты кейіпкері Меруерт Өтекешова басындағы қиын сәттер мен қазіргі таңда қоғамды толғандырып қойған қамзолды Өтекешованың өзі берді деген қауесетке жауап берді.
«Баян өзі де өнердің адамы ғой, сондай тарихи фильмдегі қамзолды көргенде үстіне киіп көргісі келеді. Бір қызығы мен осыдан біраз жыл бұрын Қазақфильмге барғанда сол қамзолды сұраған едім. Өткенде Баянның үстінен көргенде байқағаным жақсы сақталғаны көрініп тұр. Уақыты келгенде Баян оны мұражайға тапсырады, оған өзі де қарсы емес екенін айтты. Бір қызығы бәрі сол қамзолды талқылап жатыр, ал басқа киімдер қайда, оған кім жауап береді, белгісіз» ,— деді Өтекешова.
Сонымен қатар, қазақтың Қыз Жібегі Алагөзованың 1 млн теңге өмірбақилық зейнетақысына қатысты жауап берді. Журналистің осы жомарттығын қабыл алып, Алагөзовамен сөйлестіңіз бе дегеніне Өтекешева әлі продюсермен сөйлеспегенін айтты.
Сондай-ақ, сұхбат барысында 35 жасында жалғыз ұлының кенеттен жүрегі тоқтап, көз жұмғаны бүкіл отбасына ауыр тигенін айтты. Оның өлімі қарындасына да психологиялық соққы болып, Өтекешованың кіші қызы да жылдар бойы дертке шалдығып келген екен. Сол қызын емдетемін деп мемлекет берген Астана мен Алматыдағы пәтерді сатып жібергеінін, ал қазір Астанада баспанасыз жүргенін айтты.
Сұхбатта жан-жары Құман Тастанбековтің Атырауға тойға барған кезде соңғы демі шыққан сәтте жанында жалғыз өзі болып, барлық қиындықпен жалғыз бетпе-бет келгенін жеткізді. Актрисаның айтуынша, Тастанбеков ағасының өлімі жанына батып дертке шалдыққан қызы Томиристі өмірінің соңына дейін уайымдап өткен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық