Алматы облысында жоғары технологиялық есірткі зертханасы әшкереленді
Фото: Pexels
Полиция қызметкерлері жыл бойы элиталық каннабис сұрыптарын өсіріп, есірткі дайындаумен айналысқан жасырын наркозертхананы жойды, деп хабарлайды Orda.kz.
ІІМ мәліметінше, қылмыстық топ есірткі құрамды өсімдіктерді өсіруден бастап, дайын өнімді VIP-клиенттерге сатуға дейін өндірістің толық циклін ұйымдастырған. Зертхана автоматтандырылған желдету, жарықтандыру, суару және температураны бақылау жүйелерімен жабдықталған.
Тінту кезінде жертөледе орналасқан, бөлек кіреберісі жасырылған орыннан полицейлер 29 түп қарасора, 27 келі дайын есірткі, өсімдіктерді өсіруге арналған құрал-жабдықтар, электронды ақпарат тасымалдағыштар, байланыс құралдары, үш миллион теңге қолма-қол ақша, сондай-ақ тіркелмеген травматикалық қару мен оқ-дәрілерді тапты.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, жасырын өндірісті ұйымдастырған — 40 жастағы ер адам. Тергеу деректеріне сәйкес, ол ұзақ уақыт бойы каннабис өсіру технологияларын зерттеп, шетелдерге барып, арнайы жабдықтар сатып алған және 100 шаршы метрден асатын жеке ғимарат салып, өндірісті кеңейтуді жоспарлаған.
Кейінгі жедел шаралар барысында оның сыбайласы болуы мүмкін тағы бір адам — 45 жастағы, бұрын аса ауыр қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған ер адам ұсталды. Оның гаражын тінту кезінде полицейлер төрт келі гашиш, оралған есірткі заттары, zip-пакеттер және оларды қолдануға арналған құралдарды тәркіледі.
Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу қылмыстық схеманың басқа қатысушыларын, жабдық пен тұқым жеткізу арналарын анықтап жатыр. Тергеу нұсқасы бойынша қылмыстық табыстарға сатып алынған мүліктер, оның ішінде жылжымайтын мүлік пен қымбат көліктерге тыйым салынды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық