Адвокат әділетсіз сот шешімдері бойынша істерді Тоқаевқа жолдамақшы
Фото: Әлеуметтік желіден
Адвокат Шолпан Исмаилова әлеуметтік желіде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдау үшін сот шешімі әділетсіз шыққан істерді жинай бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Әрдайым менімен бірге болып, сот жүйесінің жай-күйіне, жекелеген істерді қарау кезінде заңдылық пен әділеттілік мәселелеріне алаңдайтын азаматтарға үндеу жасаймын. Қазіргі уақытта ықтимал сот қателіктері, заңсыз шешімдер мен үкімдер туралы нақты деректерді ең жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік пайда болды. Президент әкімшілігі осындай істер бойынша материалдарды зерделеу және талдау үшін сұратып отыр. Егер сіздің тәжірибеңізде немесе өміріңізде, сіздің ойыңызша, заң талаптары елеулі бұзылған, заңсыз сот актілері шығарылған немесе әділетсіз үкімдер қабылданған істер болса, осы жазбаның астына пікір қалдырып немесе менімен байланысуыңызды сұраймын» деп жазды Исмаилова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Адвокаттың айтуынша, мәселе жай ғана сот шешімімен келіспеуде емес, керісінше заңдылыққа, объективтілікке және процеске қатысушылардың құқықтарының сақталуына қатысты елеулі сұрақтар туындайтын жағдайлар туралы болып отыр.
«Өз істері бойынша ақпарат ұсынуға дайын және бар мәселелердің естіліп, тиісті бағасын алғанын қалайтын азаматтарды үн қатуға шақырамын. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана сот төрелігінің сапасын арттырып, заң үстемдігі қағидатын нығайта аламыз. Бұл үндеу менің пікірім мен көзқарасымды қолдайтын азаматтарға арналған», – деді Исмаилова.
Еске сала кетейік, 4 маусым күні Исмаилова адвокаттардың президент Тоқаевқа жолдаған үндеуін жариялаған болатын. Онда халықтың сот әділдігіне деген сенімі төмендей бастағаны айтылған.
Оқи отырыңыз:
- Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 18 шілдеге дейін ұзартылды
- «Қылмыстық қудалау тоқтады» Данияр Мейірханның адвокаты жаңа мәлімдеме жасады
- Алматы полициясы 12 жастағы баланың өліміне қатысты тергеу барысы туралы мәлімет берді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық