Алик Шпекбаев енді сыбайлас жемқорлықпен күреспейді
Алик Шпекбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Шпекбаев Алик Жаткамбайұлы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы қызметінен босатылды, - делінген Ақорда сайтында.
Шпекбаев 2017 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментін басқарды. Оның орнына Марат Ахметжанов тағайындалды.

Марат Ахметжанов жаңа тағайындауға дейін Бас прокурордың орынбасары болған.
- 1993-1996 жылдары - Бас прокуратураның жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы прокуратураның ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның ерекше қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы.
- 1996-1997 жылдары - Мемлекеттік тергеу комитетінің ерекше қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы, Мемлекеттік тергеу комитеті әскери тергеу басқармасы тергеу бөлімінің бастығы.
- 1997-1998 - Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу басқармасы тергеу бөлімінің бастығы.
- 1998-2001 жылдары - Әділет министрлігі Тергеу департаменті директорының орынбасары және Сот шешімдерін орындау комитеті төрағасының орынбасары.
- 2001 жылы - Бас прокуратураның тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы.
- 2003 жылдан 2006 жылға дейін - Павлодар облысының прокуроры.
- 2006-2009 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
- 2009-2012 жылдары - Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
- 2012 жылы - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
- 2014-2016 жылдары - Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы.
- 2016 жылдың 2 маусымынан бастап Қазақстан Бас Прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді.
Жаңалықтар
- Иран АҚШ-тың блокадасына жауап ретінде Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жабатынын мәлімдеді
- Вашингтондағы келіссөздер: Рубио мен Жұманғарин не туралы сөйлесті?
- Погон таққан балуан қыз халықаралық жарыста І орын алды
- Атырауда полиция басқармасының басшысы ұсталды
- Шымкентте автогаз табу – нағыз сынаққа айналды
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты БАӘ шейхына қолдау білдірді
- Қазақстан құқықтық көмек туралы конвенциядағы өзгерістерді ратификациялады
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек