Ақтөбеде кісі өлтіріп, денесін қоқыс алаңына тастаған адам 14 жылға сотталды
Фото: Көрнекілік үшін
Ақтөбе қаласында биыл 21 ақпанда ер адамдар ішімдік ішіп отырған кезде олардың арасында жанжал туындаған. Үй иесі қонақты бірнеше рет пышақтап, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Orda.kz.
Осыдан кейін ер адам мәйітті үлкен сөмкеге салып, 24 ақпанға қараған түні шанамен қоқыс алаңына апарып тастаған. Тек 11 наурыз күні сөмке күдік тудырып, оқиға орнына полиция шақырылып, нәтижесінде ер адамның мәйіті табылған.
Сот 62 жастағы жергілікті тұрғынды 55 жастағы танысын өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оны 14 жылға бас бостандығынан айырды.
Сотта ер адам өз әрекетін өзін-өзі қорғау мақсатында жасағанын айтқанымен, оның уәжі қабылданбады. Сонымен қатар ол моральдық зиянды өтеу ретінде 2 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Кейіннен 55 жастағы ер адамның мәйітін №38 мектептің жанындағы қоқыс алаңынан аула сыпырушы тауып алған. Оның айтуынша, сөмке бірнеше күн бойы сол жерде тұрған.
«Сөмкеден өте жағымсыз иіс шықты. Әрине, мәйіт ыдырай бастаған сияқты. Біз әйелім екеуміз осы маңда тұрамыз әрі осында аула сыпырамыз. Сөмкені ашып қарағым келген, бірақ иістен жақындай алмадым. Ішінде бұзылған ет шығар деп ойладым. Кеше мұнда полиция келіп, ешкімді жақындатпады. Сөйтсек, сөмкенің ішінде адамның мәйіті болған екен», — деді аула сыпырушы.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болған 1971 жылы туған ер адам.
Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының чаттарында екі мәйіт табылғаны және Ақтөбеде маньяк жүр деген жалған ақпарат тарауда. Полиция бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
- Еуропадағы аптап ыстық 10 мыңнан астам адамның өмірін жалмады
- Астанада төрт адамды балталап өлтірді деп айыпталған адамға мәжбүрлі ем тағайындалды
- Қайын жұртын жалмаған: Прокурор Сұлтан Сәрсемалиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық