«Нағыз апокалипсис»: Ақтөбе әр жаңбырдан кейін су астында қалады
Фото: Диапазон
Ақтөбе қаласында нөсер жаңбыр салдарынан көшелерді су басып, тұрғындар қиын жағдайға тап болды. Қалада бір сағаттан астам уақыт бойы жауған жаңбырдың өзі көптеген көшені өзенге айналдырған, деп хабарлайды Orda.kz.
Куәгерлердің айтуынша, адамдар жолды тобықтан келетін судың ішінен кешіп өтуде, ал көліктер үлкен шалшықтарды зорға еңсеріп, «жүзіп» жүргендей әсер қалдырады. Аулалар мен жолдарды тағы да су алып кеткен.
Қала тұрғындары жергілікті Диапазон басылымға жаппай видео мен фото жіберіп жатыр. Әсіресе, қала орталығындағы Нұрдәулет аялдамасы маңындағы жағдай күрделі екен. Бұл жерде жолды кесіп өту мүмкін емес – үлкен шалшықтар бүкіл аумақты жауып қалған. Жаяу жүргіншілер өткелі де толықтай су астында қалған.
Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай әрбір қатты жаңбырдан кейін қайталана береді. Мысалы, Ерназаров көшесінде арықтар толып, кей жерлерде су ағатын жүйе бітеліп қалған. Соның салдарынан су аулаларға жайылған.
«Нағыз апокалипсис. Нөсер кәріздері бар жердің өзінде су ақпай жатыр. Су өте көп. Мұндай жаңбырлардан бәрі әбден шаршады», – дейді тұрғындардың бірі.
Сонымен қатар, Сәңкібай батыр даңғылы мен Мәңгілік Ел даңғылында жағдай біршама тұрақты екені айтылды. Бұл көшелерде жаңбыр суын ағызу жүйесі жақсы жұмыс істейді немесе жақында жаңартылған болуы мүмкін. Ал Әбілқайыр хан даңғылы маңында жағдай өте күрделі – тұрғындар бұл аумақты «нағыз теңізге» теңеп отыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, соңғы үш апта ішінде Ақтөбеде бір жылдық жауын-шашын мөлшеріне жуық жаңбыр жауған. Бұл қаладағы нөсер кәріз жүйесіне үлкен салмақ түсірген.
Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер суды сорып шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қала көшелерінде көптеген арнайы техника жұмыс істеуде. Дегенмен, жауын-шашын көлемінің көптігі салдарынан жағдайды толық бақылауға алу оңай емес.
Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, көшелерде 110 ассенизаторлық көлік, 5 насос станциясы және мотопомпалар жұмыс істеп жатыр. Ең алдымен жолдардағы су сорылып жатыр. Ал көпқабатты үйлердің аулаларындағы суды шығару жұмыстарын пәтер иелерінің кооперативі мен жауапты мекеме төрағалары тұрғындармен бірге ұйымдастыруы тиіс.
Жаңбыр суын ағызу үшін қалада 30 арнайы орын белгіленген. Ал Қазгидромет деректеріне сәйкес, өңірде нөсер жаңбыр апта соңына дейін жалғасуы мүмкін.
Осыдан төрт күн бұрын жауған жаңбыр да халықты осындай әбігерге салған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық