Қарасай ауданында «Мұғалімдерді мәжбүрлі еңбекке тартты» деген ақпарат расталмады
Фото: freepik.com
Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жібек жолы ауылының жаңа қазақ орта мектебінде тексеру жүргізіліп, «Мұғалімдерді мәжбүрлі еңбекке тартты деген ақпарат расталмады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты аудандық білім бөлімі мәлімдеме берді. Ведомствоның мәліметінше, тексеру барысында педагогтерді өздерінің лауазымдық міндеттерінен тыс жұмыстарға күштеп тарту немесе олардың келісімінсіз еңбекке жегу фактілері анықталмаған.
Осыған байланысты мектептің 25 мұғалімі арасында жасырын сауалнама жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша еңбек заңнамасының бұзылғаны расталмады.
«Видеода көрсетілген жұмыстар 2026 жылғы 26–29 мамыр аралығында ауыл тұрғыны Ж. Мейірмановтың демеушілік көмегі аясында атқарылған. Осы кезеңде мектептің спорт залында жылыту радиаторларына қорғаныш торларын орнату жұмыстары жүргізілді. Жұмыстарды орындауға арнайы дәнекерлеушілер тартылған. Ресми мәлімет бойынша, білім беру процесіне кедергі келтірілген жоқ және педагогтердің еңбек құқықтары бұзылмады» деп жазылған білім бөлімінің түсіндірмесінде.
Сонымен қатар, видеода көрсетілген мұғалімнің мектепке 2025 жылғы 5 қыркүйектегі №171 бұйрық негізінде осы міндетті қоса атқарушы ретінде жұмысқа қабылданғаны белгілі болды. Кейін 2026 жылғы 26 мамырдағы №103 бұйрықпен еңбек шарты тоқтатылған екен.
Оқи отырыңыз:
Тоқаев бірқатар Конституциялық заңға қол қойды
«Домбыра харам» деген ақтөбелік «ұстаз» 3,5 жылға сотталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық