АҚШ Жоғарғы соты Трамп енгізген жаһандық баж салығының көбін заңсыз деп таныды
Фото: Pixabay
АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамп енгізген жаһандық кедендік баж салығының басым бөлігін жойды. Сот алты судьяның қолдауымен, үшеуінің қарсылығымен Ақ үй басшысы өзге елдерге қарсы енгізген импорттық тарифтердің бір бөлігін заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Orda.kz.
Судьялар Трамптың Халықаралық төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы заңды (IEEPA) пайдалану арқылы өз құзыретін асыра пайдаланғанын алға тартты. Олардың пікірінше, бұл заң дағдарыс жағдайында сауданы реттеуге мүмкіндік береді, алайда кедендік тарифтер енгізуге құқық бермейді.
Әңгіме 2025 жылы енгізіле бастаған ауқымды тарифтер туралы болып отыр. Алдымен баж салығы Қытай, Мексика және Канадаға қарсы қолданылған, кейінірек әлемнің көптеген елін қамтыды. Мөлшерлеме тіпті 10 пайыздан 50 пайызға дейін жеткен. Президент бұл шараларды есірткі трафигімен күрес және ел экономикасына төнген қауіптермен түсіндірген.
Тариф төңірегіндегі дау тек экономикалық емес, саяси сипат та алды. АҚШ Конгресі өкілдері Конституцияға сәйкес сыртқы сауданы реттеу құқығы парламентке тиесілі екенін айтып, президент заң шығарушы орган өкілеттігін иемденіп алды деп мәлімдеген. Жоғарғы сот осы ұстанымды қолдады.
Енді америкалық компаниялар төленген баж салығын қайтаруды талап етуге мүмкіндік алды. Сарапшылардың бағалауынша, бұл шамамен 150 миллиард доллар болуы мүмкін. Алайда сот шешімі болат, алюминий, автокөлік және ағаш материалдарына салынған тарифтерге әсер етпейді.
Трамп шешімді қатаң сынға алып, оны «масқара» деп атады. Оның айтуынша, әкімшіліктің импортқа қысым жасаудың балама тәсілдері бар, бірақ оларды іске асыру күрделі болмақ.
Сондай-ақ жуырда Трамп Гренландияны сатып алу жөнінде келісімге қол жеткізгенге дейін Еуропаның сегіз еліне жаңа тариф енгізуді жоспарлағаны айтқан еді. Алайда кейін бұл ойынан бас тартты.
Тақырыпқа қатысты мәлімет:
- Трамп енгізген баж салығы АҚШ-та заңсыз деп танылды
- Швейцарияға ең жоғарғы баж салығы: Трамп жаңа салығымен Еуропаны еңіретіп жатыр
- Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға 100% қосымша баж салығын енгізетінін мәлімдеді
- Трамп тарифтік саясаттағы көзқарасын өзгертіп, АҚШ-та баға көтерілгеннен кейін азық-түлік бажын алып тастады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық