Трамп енгізген баж салығы АҚШ-та заңсыз деп танылды
Фото: Jonathan Ernst / Reuters
Дональд Трамп баж салығына қатысты саясат жүргізу арқылы өзінің президенттік өкілеттігін асыра пайдаланған. Мұндай шешімді Вашингтондағы федералды апелляциялық сот шығарды, деп хабарлайды Orda.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, Трамп әкімшілігі халықаралық тауарларға енгізген «өзара» тарифтердің басым бөлігі заңсыз деп танылды. Бұл мәселені қарауға шағын бизнес өкілдері мен америкалық штаттар коалициясы тарапынан берілген сот талап-арыздары себеп болды.
Америка заңнамасы президентке төтенше жағдай кезінде кең өкілеттіктер береді, алайда бұл өкілеттіктер тарифтерді, баж салығын және салықтарды белгілеуге қатысты қолданылмайды. Тарифтерді енгізу Конгресстің негізгі құзыреті болып саналады.
Соттың пікірінше, Трамп енгізген көптеген баж салықтары «ауқымы, сомасы және мерзімі жағынан шектелмеген» және Трамп әкімшілігі сүйенген заңның шеңберінен шығып кеткен.
Соған қарамастан, бұл тарифтер 14 қазанға дейін күшінде қалады. Осылайша, Ақ үйдің Жоғарғы сотқа шағым түсіруіне әлі уақыты бар.
Трамп сот шешіміне Truth Social әлеуметтік желісінде пікір білдірді:
«Егер бұл тарифтер бір күні алынып тасталса, бұл ел үшін толық апат болады. Бұл бізді қаржылай әлсіретеді, ал біз мықты болуымыз керек» деді ол.
Ол бұл тарифтерді америкалық жұмысшылардың мүддесін қорғау мен елдегі бизнесті қолдаудың «ең тиімді тетігі» деп атады. Сонымен қатар, өз әрекеттерін «Халықаралық төтенше экономикалық өкілеттіктер туралы» заңмен (IEEPA) негіздеді. Сәуір айында ол сыртқы сауда саласында төтенше жағдай режимін енгізді, оның себебін импорт көлемінің экспорттан артып кетуі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп түсіндірді.
Еске сала кетейік, тамыз айында Ақ үй басшысы енгізген импорттық тарифтер 65 елге қатысты күшіне енді. Бұл тізімде Қазақстан да бар. Трамп Қазақстанға қарсы 1 тамыздан бастап 25 пайыздық баж салығын енгізу туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады. Мемлекет басшысы Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап берді.
39 мемлекет пен Еуропа одағы елдерінен әкелінетін тауарларға 15 пайыздық мөлшерлеме белгіленген. Тағы 26 елдің өнімдеріне 18 пайыздан 41 пайызға дейін баж салығы салынуда.
Қытай тауарларына салынған тариф 30 пайыз деңгейінде бекітілген. 6 тамызда АҚШ президенті Ресей мұнайын сатып алғаны үшін Үндістаннан әкелінетін өнімдерге қосымша 25 пайыздық баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Қазақстаннан АҚШ-қа импорттық баж бойынша консультация алу үшін делегация жіберді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық