Трамп тарифтік саясаттағы көзқарасын өзгертіп, АҚШ-та баға көтерілгеннен кейін азық-түлік бажын алып тастады
АҚШ президенті Дональд Трамп 200-ден астам тауарларға, соның ішінде негізгі азық-түлік тауарларына көтерілген тарифтерді алып тастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол америкалықтардың наразылығы артып келе жатқанынан сескеніп осындай әрекетке барды. Баж салығы кофе, сиыр еті, банан, апельсин шырыны және басқа да жаппай сұранысқа ие күнделікті қолданатын өнімдерден алынып тасталды, деп хабарлайды Ақ үй. Шара 13 қарашада түн ортасынан бастап күшіне енді.
Deutsche Welle хабарлағандай, бұл шешім Трамптың сауда саясатындағы күрт өзгеріс болды. Бұған дейін ол жыл басында енгізілген жоғары баж салығы бағаның өсуіне әкелмейді деп айтқан болатын. Air Force One бортындағы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Трамп тарифтер «кейбір жағдайларда» бағаны көтеретінін мойындады. Сонымен қатар, ол елде «іс жүзінде инфляция жоқ» екенін атап өтті.
Президент әлеуметтік бастамалардың күшін жоймайтынын және алдағы жылы кірісі төмен және орташа америкалықтарға бұрын енгізілген баж салықтары есебінен 2000 доллардан төлеуді жоспарлап отырғанын айтты.
Айтпақшы, 13 қарашада Трамп үкіметті қаржыландыру туралы заңға қол қойып, АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаунға нүкте қойды.
Бір апта бұрын АҚШ-та мемлекеттік бюджет туралы дау аясында жалақы алмаған ұшқыштар жұмысқа шықпай қойды. Соңғы бірнеше күнде АҚШ-тың 12 ірі қаласында мыңдаған әуе рейстері тоқтатылып, үшақтар ұшпай қалды.
18 қазанда америкалықтар тағы да өре көтеріліп, көшеге шықты. Олар АҚШ президентінің «авторитарлық үрдістері мен шексіз сыбайлас жемқорлығына» қарсылық білдірді. Елде 2500-ден астам митинг өтті, олардың ең ірілері Вашингтонда, Нью-Йоркте және Чикагода болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық