Путин мен Зеленский кездесетін жерді шеше алмай әлек
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Зеленский Путинмен кездесуге дайын екенін, бірақ Мәскеуге, яғни жаулап алушы мемлекеттің астанасында кездескісі келмейтінін айтты. Ал Путин болса, менімен кездескісі келсе Зеленский Мәскеуге келсін деп, қырсығып отыр. Осындай текетірес тоқтамаса, екі мемлекет басшысы кездесетін үшінші арағайын мемлекет іздері сөзсіз, деп хабарлайды Orda.kz.
Дәл осындай сөзді Украина ұлттық телемарафоны эфирінде Сергей Лещенко айтты деп келтірді Украина БАҚ-тары.
Бұған дейін Кремльде Мәскеудегі кездесу мүмкіндігі туралы тағы да айтылған болатын.
«Біздің президент бірнеше рет жауап берді, егер ол (Зеленский - ред) қаласа, Мәскеуге қоңырау шалсын. Біз қабылдауға және келіссөз өткізуге дайынбыз», — деді Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков журналистерге.
Бұған дейін Мәскеуде жүрген Роберт Фицо Путинге жуырда кездескен Украина президентінен қандай да бір хабар жеткізуі мүмкін екені хабарланған еді. Алайда Ушаков «Фицо ерекше ешқандай хабар жеткізген жоқ, бірақ Зеленскиймен байланысы туралы айтты» деді.
Владимир Зеленский бірнеше рет Путинмен кездесуге дайын екенін айтса да, бірақ Мәскеуде де, Киевте де емес басқа үшінші елді таңдайық деп басқа мемлекеттен соғысты аяқтауға арағайындық сұрағандай болды.
Путин де Зеленскиймен тек Мәскеуде кездесуге дайын екенін, кез-келген уақытта хабарласса кездесетін жер мен уақытты шешуге дайын екенін бірнеше рет қайталаудан жалығар емес.
«Мен ешқашан бас тартқан емеспін. Мен кездесу ұсынбаймын, бірақ егер біреу ұсынса, келе берсін. Кездескісі келген адам Мәскеуге келсін, біз кездесеміз», — деді кеше тағы да Путин Кремльде журналистермен кездесу барысында.
Путиннің айтуынша, үшінші елдегі кездесу мүмкін, бірақ тек бейбіт келісім бойынша түпкілікті уағдаластықтарға қол жеткізілген жағдайда ғана.
Айтпақшы, Зеленский мамырдың басында Ереван қаласында өткен Еуропалық саяси қауымдастық саммитінің ашылуында мәлімдеме жасады. Сол кезде ол жыл сайын Мәскеуде 9 мамырда екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталуына орай өткізілетін парадты «Украин дрондарымен қарсы аласыздар» деп сес көрсеткен болатын.
Оқи отырыңыз:
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Владимир Путинмен кездесу өткізді
- Зеленский: Мәскеудегі 9 мамыр шеруін Украин дрондарымен қарсы аласыздар
- Зеленский әуе қорғанысы жүйесін түбегейлі өзгертуге кірісті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық