АҚШ Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдаудың құпия жолын тауып алған
Фото: Oil Price
Америка Құрама Штаттары Ормуз бұғазы арқылы тәулігіне миллиондаған баррель мұнай тасымалдауға мүмкіндік беретін құпия теңіз дәлізін ұйымдастырған, деп хабарлайды Orda.kz Axios басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, құпия бағыт туралы АҚШ-тың екі шенеунігі хабарлаған. Олардың айтуынша, соңғы бірнеше апта бойы күн сайын түнде Ормуз бұғазына 15-20 мұнай тасымалдаушы танкер кіріп-шығып жүр. Осылайша тәулігіне шамамен 10 миллион баррель мұнай тасымалдауға мүмкіндік жасалған.
«Біз Ормуз бұғазының оңтүстік бөлігін екі айдан бері бақылауымызда ұстап отырмыз. Иран Ислам революциясы сақшылары кедергі келтіруі мүмкін, бірақ бұғазды олар бақыламайды. Мұны біз істеп отырмыз», – деген америкалық шенеуніктердің бірі басылымға.
Мәліметке сәйкес, АҚШ әскери күштері танкерлердің Араб теңізінен Ормуз бұғазы арқылы Парсы шығанағына кіруіне, аймақтағы елдерден мұнай тиеуіне және кейін қайтадан бұғаз арқылы шығуына көмектесіп жатыр.
Америкалық шенеуніктердің айтуынша, жанармай мен мұнай тасымалдаудың қайта жандануы АҚШ Орталық қолбасшылығы жүргізген жуырдағы екі апталық әскери операциядан кейін мүмкін болған. Операция барысында Иранның радиолокациялық жүйелері мен теңіздегі бақылау құралдарының жұмысы істен шығарылған.
Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ормуз бұғазы бейнеленген картаны жариялап, оған «АҚШ-тың жаңа аумағы» деген жазу қалдырған еді.
Бұл мәлімдемеге жауап берген Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади АҚШ президентінің Ормуз бұғазына қатысты «қате түсініктерін түзететінін» айтқан.
Ал бүгін Трамп Иранға қарсы «жойқын экономикалық операцияның» басталғанын жариялап, басқа мемлекеттерге де ескерту жасады.
Ормуз бұғазы әлемдегі мұнай тасымалы үшін аса маңызды теңіз жолдарының бірі саналады. Парсы шығанағындағы мұнай өндіруші елдерден әлемдік нарыққа шығарылатын энергия ресурстарының едәуір бөлігі осы тар су жолы арқылы өтеді. Сондықтан бұғаздағы кез келген әскери немесе саяси шиеленіс мұнай бағасына және жаһандық энергия нарығына тікелей әсер етуі мүмкін.
Бұған дейін Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер бүкіл әлемге қауіпті инвазиялық балдырлар мен омыртқасыздардың таралуына себеп болуы мүмкін екенін жаздық. Ормуз бұғазының қоршауда қалуы жаһандық экологиялық мәселеге әкелуі мүмкін екенін айтып әлем ғалымдары жар салып жатыр.
Иран АҚШ-тың Парсы және Оман шығанақтарына, сондай-ақ Ормуз бұғазына кіруіне тыйым салды. Иран армиясының қолбасшысы, генерал Амир Хатами Вашингтонның аймақтан «қуылғанын» мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық