Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
Фото: kz.eurasiatoday
Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер бүкіл әлемге қауіпті инвазиялық балдырлар мен омыртқасыздардың таралуына себеп болуы мүмкін. Ормуз бұғазының қоршауда қалуы жаһандық экологиялық мәселеге әкелуі мүмкін екенін айтып әлем ғалымдары жар салып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қозғалысы тоқтаған кемелердің корпусында пайда болған теңіз ағзалары бүкіл әлемге таралуы ықтимал.
АҚШ пен Иран арасындағы соғыс бес айға жуық уақыттан бері жалғасып келеді. Осы кезеңде Ормуз бұғазы қоршауда қалып отыр. The Times of India басылымының жазуынша, бұл бұғаз – әлемдегі ең маңызды теңіз энергетикалық дәліздерінің бірі. Ол арқылы жыл сайын шамамен 600 миллиард доллар көлеміндегі энергетикалық ресурстар тасымалданады.
Қазіргі уақытта Парсы шығанағында шамамен 1500 кеме тұрып қалған. Тағы бірнеше жүз кеме оған іргелес жатқан Оман шығанағында қозғалысын тоқтатқан.
Жаңа зерттеуге сәйкес, осы кемелердің корпустарында пайда болған теңіз ағзалары сауда қатынасы қайта жанданған кезде бүкіл әлемге таралуы мүмкін.
Зерттеушілер Ормуз бұғазы жабылғаннан кейін Парсы немесе Араб шығанағында бірнеше ай бойы зәкірде тұрған мыңдаған коммерциялық кеме теңіздегі бөгде түрлердің ауқымды таралуына байқаусызда себеп болуы ықтимал екенін ескертті.
«Ормуз бұғазының жабылуы аса ауқымды биологиялық таралымға себеп болуы мүмкін» деп аталатын зерттеуде кемелердің ұзақ уақыт бойы тоқтап тұруы олардың корпустарында теңіз ағзаларының тығыз колонияларының жиналуына әкелетіні айтылған. Олардың қатарында балдырлар, мұртаяқты шаянтәрізділер, мидиялар және басқа да омыртқасыздар бар. Сауда қатынасы қайта жанданғаннан кейін бұл ағзалар кемелер арқылы әлемнің түрлі аймақтарына таралуы мүмкін.
Теңіз саласында мұндай құбылыс «биообрастану» деп аталады. Бұл кемелердің корпусы мен бұрандасы сияқты су астында орналасқан беттерге теңіз ағзаларының жиналуы. Алдымен олардың бетінде микроағзалар мен шырыштан тұратын жұқа қабат пайда болады. Кейін оның үстіне балдырлар, ұлулар, ұсақ теңіз шаянтәрізділері және қабық түзетін басқа да ағзалар шоғырлана бастайды.
«Теңіздегі инвазиялық түрлер бүкіл әлем жағалауларына елеулі экологиялық және экономикалық әсер етеді. Олар белгілі бір ортаға орнығып алғаннан кейін мұндай түрлерді жою өте қиын, тіпті кей жағдайда мүмкін емес. Әлемдік теңіз тасымалының бұзылуы көптеген салдарға әкеліп отыр. Сонымен қатар ол жылусүйгіш теңіз түрлерінің жаңа порттарға таралуына қолайлы жағдайды байқатпай қалыптастырды», – деп түсіндірді биолог Кэролин Теполт.
Сонымен қатар Парсы шығанағындағы порттарда кемелер коммерциялық қызметін қайта бастамас бұрын олардың корпустары мен бұрандаларын тазарту үшін сүңгуірлер тартылып жатқаны хабарланды.
Кемелерді тазалау құны 60%-ға дейін қымбаттап, бір кеме үшін шамамен 8 мың долларға жетуі мүмкін. Бұған Парсы шығанағынан шығуға асыққан кеме операторларының сұранысы да әсер етіп отыр.
«Бұған дейін мұндай жағдайлар тек ықтимал апат сценарийлері ретінде қарастырылатын. Алайда қазір біз апаттың нақты сценарийіне куә болып отырмыз. Бұл теориялық тәуекелдердің іс жүзіндегі қауіпке айналғанын білдіреді», – деді Allianz компаниясының теңіз сақтандыру бөлімінің басшысы Юстус Гайнрих.
Бұған дейін Ормуз бұғазындағы дағдарыстың шиеленісуіне байланысты өткен демалыс күндері танкерлер қозғалысы тоқтағаны хабарланған болатын. Атап айтқанда, төрт кеме ескертулерге қарамастан бұғаз арқылы «қауіпті бағытпен» өтуге әрекет жасаған. Олардың екеуі апатқа ұшырап, қозғалысын тоқтатуға мәжбүр болған.
Бұған дейін Иран Ормуз бұғазы жұмысын қайта бастау үшін қатаң талаптар қойып, АҚШ Тегеранға қатысты саясатын өзгертпейінше стратегиялық маңызы зор бұл су жолын ашпайтынын мәлімдеген еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық