Иран Трамптың Ормуз бұғазын АҚШ-тікі деп жариялау жоспарына жауап берді

cover Фото: Oil Price

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын америкалық аумақ деп жариялау жоспары туралы мәлімдемесінен кейін Тегеран Вашингтонды қақтығыста жеңілгенін мойындауға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz шетелдік БАҚ-тарға сілтеп.      

15 тамыз, сенбі күні таңертең Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади Ормуз бұғазы тек Иранның қарамағында болатынын мәлімдеді.

«Бұл бұғаз тек біздің шешіміміз бойынша ашылып, жабылады. Сіздер жеңілістің ащы шындығын мойындап, қиялға берілуді тоқтатпайынша, Иран бұғазы ашылмай, жабылған күйінде қала береді» деп жазды Гарибабади әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Иран дипломаты Тегеранды қорқыту немесе күш көрсету арқылы райынан қайтару мүмкін емес екенін атап өтті.

«Ормуз бұғазын твит немесе әуе кемесін тасымалдаушы арқылы, бұйрық шығару немесе сайлауалдындағы сөйлеген сөзі арқылы «басып ала салу мүмкін емес» деп жазды ол. 

Бұған дейін Дональд Трамп Иранды жеңгеннен кейін Ормуз бұғазын АҚШ аумағы деп жариялайтынын мәлімдеген болатын.

Осы уақытта Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иранның әзірге АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастау туралы шешім қабылдамағанын айтты. Сонымен қатар Катар мен Пәкістанның Тегеранмен байланыста екенін жеткізді.

Сенбі күні жарияланған сұхбатында Аракчи Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта бастау үшін Вашингтон бұған дейін келісілген шарттарды орындауы керектігін айтқан болатын.

Ормуз бұғазы АҚШ Иранға осы жылдың басында соққы бере бастағанға дейін мұнай тасымалдайтын танкерлер үшін әлемдегі ең маңызды теңіз бағыттарының бірі болған.

Алайда соғыс басталғалы бері бұғаз арқылы кеме қатынасы мүлдем тоқтап қалды деуге болады. Ормуз арқылы теңіз тасымалын қайта жандандыру мәселесі АҚШ пен Иран арасында ғана емес әлемдік мұнай нарығының негізгі тақырыптарына айналды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар