Ақнәр Гүлістан мен Алматыдағы екі жігіттің өлімі қалай тергеліп жатыр?
Фото: мұрағаттан Ақнәр Гүлстан
Ішкі істер министрлігі жақында ғана Алматыда болған екі жігіттің өлімі мен өткен жылдан бері тергеліп келе жатқан Ақнәр Гүлстанның ісі бойынша ақпарат берді, деп хабарлайды Orda.kz.
IIM-нің орынбасары Санжар Әділов екі резонансты оқиғаға қатысты тергеудің қалай жүріп жатқаны туралы пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, жақында ғана Алматыда болған төбелес салдарынан қаза тапқан 17-18 жастағы жігіттердің өліміне қатысты негізгі күдіктілердің қамауға алынғанын айтты.
«Өткен аптада Алматыға барып, істің қалай жүріп жатқанын тыңдадым. Біз жәбірленушілермен байланыстамыз. Барлық уәждер қосымша тергеу аясында тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта жәбірленуші тарап келтірген уәждер қосымша тексеріліп жатыр. Аталған дерек бойынша 17–18 жас аралығындағы 12 күдікті ұсталды. Төбелеске байланысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде адам өлтіру және бұзақылық бар. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді министрдің орынбасары.
Сонымен қатар, Ақнар Гүлстан ісі бойынша арнайы тергеу-жедел тобы құрылғанын, топ Алматы қаласында жұмыс істеп жатқанын әрі министрлік жәбірленуші тараппен тұрақты байланыста екенін айтты.
«Бұл іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды. Олар Алматы қаласында жұмыс істеуде. Біз жәбірленуші тараппен үнемі байланыстамыз. Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Әділов.
Еске сала кетейік, 22 жастағы Ақнар Гүлстанның Алматыдағы Amir тұрғын үй кешенінің жетінші қабатынан құлап қаза тапқанын жазған едік. Марқұмның жақындары оның өз-өзіне қол жұмсағаны туралы нұсқамен келіспей, істі жан-жақты әрі әділ тергеуді талап етуде.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық