Ақнар Гүлістан ісі: Ішкі істер министрлігі үнсіз қалмады
Фото: жеке мұрағатынан
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов КИМЭП түлегі Ақнар Гүлістанның өліміне қатысты тергеу барысы туралы жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Санжар Әділовтің айтуынша, істегі барлық бейнежазбаларға арнайы сараптама тағайындалған. Алайда, ол қыздардың неге күдікті ретінде танылмағанын айтпады.
«Тәркіленген бейнежазбалар бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Сарапшылардың қорытындысын күтеміз. Барлық жазбалар мұқият тексеріледі. Қазір бұл іске байланысты бірнеше куә бар. Жәбірленуші тараптың уәждері де жеке-жеке тексерілді. Қыздардан қорғауға құқығы бар куә ретінде жауап алынған. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда», — деді Әділов.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, бұл қылмыстық іс тікелей өз бақылауында.
Еске сала кетейік, 2024 жылы 20 шілдеде Алматыда 22 жастағы КИМЭП түлегі Ақнар Гүлістан тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап, көз жұмды. Марқұм қыздың анасы мен туыстары Ақнәрді азаптап сосын терезеден лақтырып жіберген деп, сол түні қасында болған екі қыздан күдіктенетін айтты. Оған қоса өткен аптада сол екі қыздың бірі Дидар Мұқиятттың адвокаты баспасөз мәслихатында Дидар Мұқияттың Ақнәр терезеден құлаған кезде дәретханада болғанын айтып, оның кінәсіз екенін жеткізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық