Полиция растады: «Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психикалық емдеу мекемесінде жатыр»
Коллаж: Orda.kz
Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдіктіде психикалық бұзылыстар барын полиция растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Департаменттің баспасөз хатшысы жариялаған мәліметке сүйенсек, ер адамға бір емес, екі рет сот-психиатриялық сараптама жасалған. Қорытындысы бойынша онда ақау бары анықталған.
«Күдіктіге қатысты тергеу адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг бойынша жалғасуда. Тергеу барысы бақылауда.Екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Емдеу аяқталғаннан кейін күдікті тергеу әрекеттерін жалғастыру үшін қайтадан тергеу изоляторына қамалады», деп мәлімдеді Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін марқұмның ағасы күдікті жазадан жазадан жалтарып кете ме деп қауіптеніп жатқанын мәлімдеген еді. Ол қарындасын айуандықпен өлтірді деген Шерхан Аймаханның қазір тергеу изоляторында емес, емдеу мекемесінде жатқанын айтты.
Бұған дейін қоғамды қалыпты өмір сүріп келген жігіттің аяқ асты ақыл-есінде ақау барына күмәнмен қараған Сұлтан Серікбай іске президент әкімшілігі араласса деген үмітін білдірді.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы. Шымкент қаласы.
Оқи отырыңыз:
- Нұрай ісі: Марқұмның ағасы желідегі бейнежазбаларға пікір білдірді
- Шымкентте аяусыздықпен ажал құшқан Нұрай Серікбайдың 40 күндік асы берілді
- «11 жеріне пышақ сұққан»: Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан қыздың денесі туыстарына берілді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық