АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің екінші кезеңіне қатысатын америкалық алдыңғы топ мінген екі ұшақ Исламабадқа қонды. Бұл туралы Пәкістан билігінің өкілдеріне сілтеме жасап «Анадолу» агенттігі жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Дереккөздердің мәліметінше, екі ел делегациялары арасындағы негізгі келіссөздер 20 сәуір, дүйсенбі күні Пәкістанда өтеді. Шенеуніктер Вашингтоннан келген алдыңғы топ отырған екі әуе кемесі Пәкістан астанасына қонғанын растады.
Сонымен қатар Geo News телеарнасының хабарлауынша, Исламабад полициясы АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейткенін мәлімдеді. Бұған дейін Пәкістан үкіметіндегі дереккөздер де «Анадолу» агенттігіне АҚШ пен Иран делегацияларының дүйсенбі күні Исламабадта кездесуі ықтимал екенін хабарлаған болатын.
Жақында Пәкістан үкіметіндегі дереккөздері де «Анадолыға» АҚШ пен Иран делегацияларының Исламабадта «дүйсенбі күні кездесуі әбден ықтимал» деп хабарлаған болатын.
Еске салайық, 12 сәуір күні Исламабадта өткен АҚШ пен Иран арасындағы шиеленісті келіссөздер 21 сағаттан астам уақытқа созылғанымен, соғысты тоқтататын бейбіт келісімге қол жеткізілмеген еді.
Оқи отырыңыз:
- Бітім бе, шатасу ма? АҚШ пен Иран келіссөздері үш түрлі жоспарға бөлініп кетті
- Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
- Бітім қыл үстінде: Израиль соққыларынан кейін Иран Ормуз бұғазын қайта жапты
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық