Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Кеше Иран бұғазды коммерциялық кемелер үшін ашқан болатын, алайда АҚШ Иранға қарсы теңіз порттарының блокадасы жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Хатам әл-Анбия» орталық қолбасшылығының ресми өкілі АҚШ тарапынан теңіз блокадасының жалғасуына байланысты Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді.
«Америкалықтар тағы да екіжүзділік танытып, блокада деген сылтаумен қарақшылық пен теңізді тонауын жалғастыруда. Осыған байланысты Ормуз бұғазы бұрынғы режимге қайтарылып, бұл стратегиялық су жолы Иран Қарулы күштерінің қатаң бақылауына алынды» деп жазылған «Хатам әл-Анбия» орталық қолбасшылығының мәлімдемесінде.
Тегеранның хабарлауынша, АҚШ Ираннан шығатын және Иранға баратын барлық кемелер үшін толық кеме қатынасы еркіндігін қалпына келтірмейінше, Ормуз бұғазындағы жағдай қатаң бақылауда болып, бұрынғы режим сақталады.
Еске салсақ, кеше ғана Иран сыртқы істер министрлігі Ормуз бұғазының уақытша ашылғанын мәлімдеді. Бұл шешім Ливандағы атысты тоқтату режимі кезеңінде барлық коммерциялық кемелерге қатысты екені айтылды.
Тақырыпқа қатысты оқи отырыңыз:
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды
- Ормуз бұғазы маңында шамамен 1000-нан астам кеме тұралап тұр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық