Әзірбайжан-Армения қақтығысы қайтадан басталды
Әзірбайжан мен Армения арасындағы мойындалмаған Таулы Қарабақ үшін қақтығыстар қайтадан басталды.
Армения тарапы
Армения қорғаныс министрлігі сейсенбіге қараған түні Әзірбайжан қарулы күштері шекаралас қалалар бағытында артиллерия мен атыс қаруын қолданып, қарқынды оқ жаудырғанын хабарлады.
«13 қыркүйекте сағат 00:05-те Әзірбайжан қарулы күштерінің бөлімшелері Горис, Сотк және Жермук қалалары бағытында артиллериядан, ірі калибрлі және атқыштардан қарқынды оқ жаудырды. Армян қарулы күштері орналасқан жерлерге оқ жаудырылды» делінген хабарламада.
Ол Әзірбайжан армиясының ұшқышсыз ұшақтарды қолданатынын қосты.
«Әзірбайжан тарапының ауқымды арандатуы нәтижесінде басталған қарқынды атыс жалғасуда. Армения қарулы күштері тиісті жауап беруде» делінген министрлік хабарламасында.
Әзірбайжан тарапы
Ал Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Ереванды бірнеше бағытта ауқымды диверсия жасады деп айыптады.
«12 қыркүйекке қараған түні Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Әзірбайжан-Армения мемлекеттік шекарасының Дашкесан, Калбажар және Лачын бағыттарында ауқымды диверсиялық әрекет жасады. Армения қарулы күштерінің диверсиялық топтары облыстар арасындағы аумақтар мен жабдықтау жолдарын миналады. Әзірбайжан армиясы бөлімшелерінің түнгі уақытта таулы жерді және бар сайларды пайдалана отырып, әртүрлі бағыттағы позицияларын жауып тастады. Біздің бөлімшелердің осы әрекеттердің алдын алу үшін тез арада қабылдаған шұғыл шараларының нәтижесінде ұрыс болды» деп хабарлады министрлік.
Соның салдарынан Әзірбайжан және Армения жағынан да шығын бар деп қосты.
«Армян қарулы күштерінің атыс нүктелерін тұншықтыру және әскери қақтығыс ауқымының кеңеюіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдануда» деп толықтырды ведомство.
Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Арам Торосян сейсенбіге қараған түні брифингте атқылау салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін растады.
ҰҚШҰ келісімі бойынша Арменияға жасалған шабуыл Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстанға жасалған шабуылды білдіреді. Енді Армения әскери көмек сұрап Достастыққа жүгінуге құқысы бар.
Еске салсақ, Қарабақтағы соғыс 44 күнге созылды және 2020 жылдың 10 қарашасына қараған түні үш жақты (Армения, Әзірбайжан және Ресей) келісімге қол қоюмен аяқталды. Нәтижесінде Қарабақ төңірегіндегі аудандар, сондай-ақ тарихи астанасы Шуша облысы Әзірбайжанға қайтарылды.
Қарабақтың өзіне ресейлік бітімгершілік күштері енгізілді, олар сол уақыттан бері Қарабақ армяндары мен Әзірбайжан әскерлерін бөлетін жаңа байланыс сызығын қадағалады.
Соғыс қимылдарының аяқталғанына қарамастан, шекаралас аудандарда атқылау жиі орын алады.
Жаңалықтар
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден ұқсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаңа әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр
- Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінінен 25 млн теңге өндіріп алмақ
- Медициналық сақтандыру бойынша 4,5 млрд теңгеге қатысты заңбұзушылық сотқа жолданды
- Еліміздің мектептерінде жасанды интеллект қалай оқытылады?
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді бақылау туралы келісімге келді
- Екі миллиард теңге несие алаяқтығы: ҰҚТ-ның 20-дан астам мүшесі сотталды
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды