Ақтөбедегі шошқа фермасының қызметкерлері аштық жариялады
diapazon.kz
Ақтөбе облысында шошқа фермасының қызметкерлері аштық жариялады, деп хабарлады Orda.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Кешен жұмысының қайта басталуын талап етіп, шамамен 70 адам аштық жарялады. Наразылық кешен аумағында ұйымдастырылды. Олар облыс әкімін жедел араласуға шақырады.
Наразы топтың қалған бөлігі — 300-ден астам адам аштық акциясына қосылуға дайын екендерін мәлімдеді.
Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының айналасындағы жанжал алты ай бұрын басталған. Ауыл тұрғындары кәсіпорын қызметіне байланысты адам төзгісіз иіске шағымданды. Арнайы комиссия кешен қызметкерлері қоқыс шығармай, қалдықтардың барлығын траншеяларға көміп тастағанын анықтады. Бірнеше шұңқырдан 190 тоннаға жуық қалдықтар табылды. Нәтижесінде шошқа фермасына қатысты 13 әкімшілік іс қозғалды. 7 млрд теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ қылмыстық тергеу басталды. Кешен иесі үй қамақта.
Еске салсақ, қызметкерлер екі рет облыс әкімдігіне келіп, аймақ басшысымен кездесуге тырысты. Бірақ әкім наразы қызметкерлердің алдына шықпады.
Бұған дейін шошқа фермасының қызметкерлерін жол жұмысшысы ретінде қайта даярлау ұсынылған.
Жаңалықтар
- Иран АҚШ-тың блокадасына жауап ретінде Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жабатынын мәлімдеді
- Вашингтондағы келіссөздер: Рубио мен Жұманғарин не туралы сөйлесті?
- Погон таққан балуан қыз халықаралық жарыста І орын алды
- Атырауда полиция басқармасының басшысы ұсталды
- Шымкентте автогаз табу – нағыз сынаққа айналды
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты БАӘ шейхына қолдау білдірді
- Қазақстан құқықтық көмек туралы конвенциядағы өзгерістерді ратификациялады
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек