Өңіраралық рейд: Ақтөбеде1300-ден аса ереже бұзу дерегі тіркелді
Фото: Ашық дереккөзден
Ішкі істер министрлігі ел жолдарындағы апаттылықты азайту, сондай-ақ жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы ауқымды жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазіргі уақытта ведомство жекелеген өңірді тексеру форматына көшті. Дәл қазір мұндай іс-шаралар Ақтөбе облысында белсенді түрде өтіп жатыр.
«Тиімділікті барынша арттыру үшін Астана қаласы, Қарағанды және Қостанай облыстары патрульдік полиция бөліністерінің қосымша күштері мен құралдары тартылды. Бұған дейін мұндай мақсатты тексерулер Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстарында өз тиімділігін дәлелдеген болатын. Тәжірибе көрсеткендей, күштерді жұмылдыру ең қауіпті құқық бұзушыларды жедел анықтауға мүмкіндік береді,— деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Гүлнұр Құдайбергенова.
Ақтөбеде іс-шараның екі күнінде жол жүрісі қағидасын бұзудың 1351 дерегіне тосқауыл қойылды. Апаттылыққа тікелей әсер ететін және азаматтардың өміріне қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда екі күн ішінде: көлікті мас күйде басқарудың 11 дерегі; есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың 1 дерегі; қарсы қозғалыс жолағына шығудың 5 дерегі; бағдаршамның тыйым салу сигналына өтудің 20 дерегі анықталды. 47 адам жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған.
Сонымен қатар жолдарда апатты жағдайлар тудыратын жүйелі бұзушылықтардың жолы кесілді: 56 автокөлік мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген; 1 жүргізуші жалған нөмір пайдаланған; 208 көлік құралы техникалық регламент талаптарына сай келмеген; 180 көлік міндетті техникалық байқаудан өтпеген; 150 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған; 65 жүргізуші көлік жүргізу кезінде ұялы телефонға алаңдаған.
Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзған 66 дерегі тіркеліп, жауапкершілікке тартылды. Екі күнде арнайы айыппұл тұрақтарына 110 көлік қойылды. Оның ішінде 11 автокөлік шетелдік есепте тұрған, сондай-ақ түрлі бұзушылықтары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынған 41 көлік құралы бар. Мұндай тексерулер елдің басқа өңірлерінде де жалғасатын болады. ІІМ жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүрісі қағидаларын сақтауды ескертеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық