Құрбандыққа мал таңдау: Онлайн құрбандық қалай шаламыз?
Фото: ЖИ арқылы жасалды
Биыл мұсылмандардың қасиетті мерекесі құрбан айт 27 мамырдан басталады. Құрбандықтың мәні неде, қандай мал таңдаймыз және бағасы қанша, онлайн құрбандық қалай жасаймыз? Orda.kz тілшісі көпшіліктің сауалына жауаптарды бір арнаға жинақтады.
Құрбан айт дегеніміз тек мал сою емес, рухани тазару мен ізгілікке үндейтін құлшылық. Бұл күні мұсылмандар Аллаға жақындау ниетімен құрбан шалып, етін мұқтаж жандармен бөліседі. Құрбандыққа кез келген мал жарай бермейді, шариғатта оның түрі, жасы мен денсаулығына қатысты нақты талаптар бар. Құрбандық еті отбасы мүшелеріне, туған-туысқа, көршіге және мұқтаж адамдарға таратылып, қоғамдағы ауызбіршілік пен қамқорлықты күшейтеді.
Құрбан сөзі араб тілінен аударғанда «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Яғни, адам игі амалдар жасап, Жаратқанның разылығына ұмтылу арқылы Оған рухани тұрғыдан жақындайды. Исламда құрбан шалу — белгілі уақытта Алланың ризашылығы үшін арнайы шарттарға сай мал бауыздау ғибадаты.
Құрбандыққа қандай мал таңдаймыз?
Исламда Алла Тағалаға құрбандықтың қаны немесе еті емес, адамның ықыласы мен ниеті маңызды саналады. Сондықтан құрбандыққа шалынатын малдың сау, мінсіз болуы талап етіледі. Бұл — мұсылманның Жаратушысына деген құрметінің белгісі.
Шариғат бойынша құрбандыққа қой, ешкі, сиыр немесе түйе шалынады. Қой мен ешкі бір адамның атынан шалынса, ірі қара мен түйені жеті адамға дейін бірігіп союға болады. Алайда олардың бәрінің ниеті құрбандық шалу болуы тиіс.
Малдың дені сау әрі айқын кемшілігі болмауы керек. Соқыр, қатты ақсақ, тым арық, ауыр дертке шалдыққан немесе дене мүшесінің басым бөлігі зақымданған мал құрбандыққа жарамсыз саналады. Ал мүйізі жартылай сынған, құлағы тесілген не піштірілген малды шалуға рұқсат етіледі.
Сондай-ақ мал белгілі жасқа толуы қажет, қой мен ешкі — бір жасқа, сиыр — екі жасқа, ал түйе бес жасқа жетуі тиіс. Кей жағдайда ірі әрі қоңды тоқтыны да құрбандыққа шалуға болады, бірақ шариғатта белгіленген жасқа жеткен малды таңдау абзалырақ деп есептеледі.
Құрбандықты дүниеден өткен адамның атынан шалуға бола ма?
Қайтыс болған адамның атынан сауап ниетімен құрбан шалуға рұқсат етіледі. Алайда шариғат бойынша өзіне құрбан шалу міндеттелген адам алдымен өз атынан құрбандық шалуы қажет.
Марқұмның атынан шалынатын құрбандық та Құрбан айт күндері орындалуы тиіс. Мұндай құрбандықтың етінен оны шалған адам да, өзгелер де дәм тата алады. Ал егер өмірден өткен адам көзі тірісінде арнайы өсиет қалдырған болса, онда оның атынан шалынған құрбандықтың етін мұрагерлері тұтынбайды. Бұл жағдайда ет толықтай мұқтаж жандар мен аз қамтылған адамдарға таратылуы керек.
Онлайн құрбандықты қалай жасаймыз?
Қазақстан діни басқармасында QURBAN 2026 арнайы Қазақстан бойынша жасалған арнайы қосымша бар. Сілтемеге кіріп құрбандық шалу әрі шалған құрбандығыңыздың соңына дейін орындаоғаны жайлы ақпаратты немесе құрбандық етін алу туралы тапсырыс беру мен өтініш қалдыру таңдауларын таңдайсыз. Өзіңіз жайла керекті ақпаратты жазып, Қазақстанның қай өңірінен екенін нақтылайсыз ақысын онлайн төлеп үйден шықпай-ақ құрбандық шала аласыз. Бастысы ішкі ниет болу керек.
Биыл қой бағасы қаншадан басталады?
Құрбан айт қарсаңында республика бойынша мал соятын арнайы орындар белгіленді. Бұл туралы 18 мамырда спикер Ермек Қасболатұлы мәлім етті. Оның айтуынша, құрбандық шалуға арналған орындар еліміздің барлық облыс орталықтарында қарастырылған. Астанада құрбандық шалатын арнайы орын ретінде Big Shanghai және Жайлау базарлары белгіленген. Спикер биылғы мал бағасына да тоқталды,
«Қазір әр малшы өз жағдайына қарай нарықтық бағамен сатып жатыр. Облыстардан алдын ала сұратылған мәліметтерге сәйкес, мал бағаларын арнайы сайттан көруге болады. Сайттағы мәліметке сәйкес, Қазақстан бойынша бір қойдың орташа құрбандыққа шалу құны – 125 мың теңге, ірі қараны жеке атынан шалғысы келетін азаматтар үшін баға – 875 мың теңге ал жеті адам бірігіп шалатын болса, әр адам 125 мың теңгеден төлейді. Айта кетейік, Құрбан айт күндері еліміз бойынша онлайн құрбандық шалу қызметі де қолжетімді болады» — деді спикер Қасболатұлы.
Құрбан айт 27 мамыр басталғанымен 26 мамыр Арафа күні жұртшылық құрбандыққа ниет етіп, иіс шығарып дайындалады. Сондай-ақ, 26 мамырда ұстаған бір күндік оразаның сауабы таудай болады.
Сонымен қатар, Бас мүфти кәсіпкерлерді Құрбан айт алдында мал бағасын көтермеуге шақырды. Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерді Құрбан айт қарсаңында мал бағасын жасанды түрде өсірмеуге үндеді. Астанада өткен баспасөз мәслихатында ол мерекенің тек діни емес, бірлік пен мейірімділіктің белгісі екенін айтып, бизнес өкілдерін халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, мал мен азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға шақырды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық