Зеленский: Ресей жаңа «шабуылдың бес сценарийін» дайындап жатыр
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Украинаның солтүстігі арқылы соғысты кеңейтудің бес сценарийін қарастырып отырғанын мәлімдеді. Киев бұл қауіпке жауап ретінде қарсы шаралар дайындап жатыр екен, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Зеленский барлау деректері талқыланған Ставка отырысынан кейін айтты. Оның сөзінше, Ресей Чернигов–Киев бағытында шабуыл әрекеттерінің бірнеше нұсқасын қарастыруда.
Зеленскийдің айтуынша, сөз солтүстік бағытқа қатысты бес түрлі сценарий туралы болып отыр. Украина билігі олардың ешқайсысының жүзеге асуына жол бермеу үшін қорғанысты күшейтуді жоспарлап отыр.
«Украина міндетті түрде өзін қорғайды. Қазіргі міндетіміз – мемлекетімізді күшейтіп, Ресейдің Украинаның солтүстігі арқылы соғысты кеңейтудің бес сценарийінің ешқайсысы іске аспайтындай ету», – деді ол.
Зеленский бұл бағыттағы украин әскерлері күшейтілетінін хабарлады.
Бұдан бөлек ол сыртқы істер министрлігіне Беларуське қатысты қосымша дипломатиялық қысым шараларын дайындауды тапсырды. Оның айтуынша, Ресей бұл елдің аумағын әскери әрекеттерді кеңейту үшін пайдалануы мүмкін.
Сонымен қатар Зеленскийдің айтуынша, Украина барлау қызметтеріне де жекелеген міндеттер жүктелген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық