1,5 жылдан 23 жылға дейін: Прокурор Шерзат ісі бойынша күдіктілерге жаза сұрады
фото: Жоғарғы сот, бейнеден кадр
Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы аяқталайын деді. Бүгінгі отырыста судья Ержан Жанұзақов сот тергеуінің аяқталғанын және жарыссөз кезеңінің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жарыссөзді мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай бастады. Ол айыпталушылардың іс-әрекеттерін толық сипаттап, сотта дәлелденген жайттарды тізіп шықты.
Прокурор жәбірленуші тараптың істі «топтасып адам өлтіру» бабына қайта саралау туралы өтінішіне қатысты да пікір білдірді.
«Қаншалықты ауыр әрі эмоциялық іс болса да, мен тек заң аясында әрекет етуге міндеттімін. Әркім тек өзі жасаған қылмысы үшін ғана жауап беруі керек. Сондықтан жәбірленушілердің басқа айыпталушыларға да «адам өлтіру» айыбын тағу туралы өтінішін қолдауға объективті негіз болған жоқ», – деді прокурор.
Сондай-ақ, Дана Сәрсенбай шындықты анықтауға кедергі келтіріп, сотты әдейі шатастыруға тырысқан адамдар бар екенін айтты. Прокурор сотқа Эльмира Нұрбекова, Дана Жақсыгелді, Юлдаш Розыбакиев және Арлан Қазакеновке қатысты сотта жауап берген сөздеріндегі қарама-қайшылықтарды тексеру үшін Алматы облысы департаментіне жеке қаулы шығаруды сұрады. Оған қоса прокурор сотталушылардың бұрын да істі болып, одан ешқандай сабақ алмағандарын да айтты.
Сөз соңында мемлекеттік айыптаушы Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған тұлғаларға мынадай жаза тағайындауды сұрады:
- Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру), 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 24-баптың 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және оқталу) бойынша – 23 жыл;
- Равиль Сакиев – 99-баптың 2-бөлігі, 293-баптың 3-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі (кісі өлтіруге оқталу) бойынша – 20 жыл;
- Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл;
- Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі – 9 жыл;
- Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
- Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
- Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
- Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі – 7 жыл;
- Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру.
Orda.kz тілшілері қоғамды дүрліктірген осы сот отырысына басынан бастап қатысып келе жатыр. Алғашқы сот отырыстарында 16 жасар бозбаланың өліміне қатысты сотқа жәбірленушілер мен куәгерлер келіп, мән-жайды баяндап берген еді.
Ал 6 мамыр күні Нұрғанатты заңсыз бейнежазбаға түсірген полицей қызметкері Медет Әділжанов пен айыпталушы Дархан Әскентай сот алдында жауап берді. Ал 15 мамыр күні күдікті, ағайынды Тоқтаубаевтар жауап берді. 16 мамыр 9 күдіктінің бесеуі жауап берді. Олар оқиға орнына қалай барғанын және кімнің қандай әрекет жасағанын баяндады.
21 мамыр күні басты күдікті Абзал Шынасыл жауап беріп, өзінің пышақ сұқпағанын, Шерзатқа тиіспегенін айтты. Оның сөзінше, пышақты кім сұққанын көрмеген.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- Алматыда танымал кәсіпкердің 16 жастағы қызы мектепте өзіне қол жұмсауға тырысқан
- Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
- Конституцияға 84% өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
- Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды
- Қарағандыдағы кафеде газ жарылып, екі адам қайтыс болды
- Қазақстанның әр аймағынан жиналған белсенділер нені сөз етті
- Әскердегі сарбаздардың қазасы: бірнеше командир лауазымынан босатылды
- Қырғызстан мигранттардың туыстарына тегін медициналық көмек көрсетуден бас тартқан Ресейді сотқа берді
- «Қаскелең нәжіске батып жатыр»: Қарасай ауданындағы кәріз дауы ушықты
- Жоспарланған кісі өлтіру ме? Василий Колесниковтың қазасы туралы не белгілі
- Щучинск қаласындағы әскери колледжде қызылша ауруы өршіді
- Жамбыл облысында тағы бір сарбаз қаза тапты
- Шавкат Рахмоновтың жұбайы 10 жылға сотталуы мүмкін
- Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалда кінәлі деп танылды
- Петропавлда кәсіпкердің отбасын қырып салған әйел мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
- Нани мен Мозес ҚПЛ-да: Қазақ футболы жұлдызды ардагерлерден не күтеді?
- Таразда қарамағындағы балаларды азаптаған Зүлфия Төленова қамауға алынды
- Маңғыстауда 13 жастағы өгей қызын зорлады деп күдікке ілінген ер адам өзін атып тастады
- Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды
- Қаскелеңде ер адам әйелі мен енесін соққыға жықты