Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалатын шабуылдар тоқтар емес. Қазақстанда медицина қызметкерлері көмекке келіп, өздері жәрдемге мұқтаж болып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәселен, Астанада жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына науқасқа жірдем беру үшін келді, онда екі мас ер адам болған. Солардың бірінің жағдайы нашарлап кеткен.
Дәрігерлер оған көмек көрсетіп, кеткелі жатқан кезде ер адамдардың бірі аяқ астынан мінез көрсетіп, фельдшерді ұрып жіберген.
ҚР ІІМ бейнежазбасы
Оқиға орнына полиция келіп, жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшеріне шабуыл жасаған адам ұстады. Медицина қызметкеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Orda.kz Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Еске салсақ, былтыр мемлекет басшысы медициналық қоғамдастықтың және белсенді азаматтардың медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны және қатыгездік көрсеткені үшін жауапкершілікті қатаңдату ұсынысын қолдады. Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуылдағандарға жазаны күшейтуді тапсырған болатын.
Енді бір медицина қызметкеріне шабуыл жасаған адам 2-7 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал төтенше жағдайда жасалған әрекет үшін 10 жылға дейін сотталады. Бірнеше медицина қызметкеріне шабуыл жасағандар 15 жылға бас бостандығынан айырылады. Мұндай шешімге осындай оқиғалардың көбейіп кетуі себеп болды. Дегемен қатаңдатылған заң шаралары да еліміздегі медицина қызметкерлеріне шабуылды азайтар емес.
Оқи отырыңыз:
- Елде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандардың жазасы күшейтілмек
- Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуылдағандарға жазаны күшейтуді тапсырды
- Енді дәрігерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық