«Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
Коллаж: Orda.kz
«Ақтөбе» футбол клубы ресми түрде футболшы Нанидің Love Айкамен кездеспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Ақтөбе» футбол клубы футболшы Луиш Нанидің Love Айка лақап атымен танымал Айғаным Мырзахметовамен қарым-қатынасы бар деген ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады. Клуб бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Ақтөбе» футбол клубы аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді» деп жазылған клуб хабарламасында.
Клуб өкілдерінің айтуынша, бұл жарияланымдар команда ішінде шиеленіс туғызуы мүмкін әрі ұжымдағы ахуалға кері әсер ететін ақпараттық арандату.
«Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпаратқа назар аударуға және клубтың имиджіне нұқсан келтіретін хабарламалардан аулақ болуға шақырамыз» деп жазылды мәлімдемеде.
«Ақтөбе» ФК басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Амандық журналистерге Луиш Нанидің бұл жағдайға ренішті екенін айтқан.
«Ол — әлемдік деңгейдегі ойыншы. Оның жеке пиар-менеджері бар», — деді ол қауесет туралы сұраған басылымға.
Сондай-ақ оның айтуынша, бедел мен жария ақпаратқа қатысты барлық мәселелер футболшының келісімшартында нақты көрсетілген.
Қайсар Амандық Нани Ақтөбеге келгеннен кейін оған деген қызығушылық өте жоғары екенін де атап өтті.
«Шынымды айтсам, біз оны әкелген кезде осы жағынан қиындықтар көп болды. Көлік жөндеу орындарынан бастап сантехника дүкеніне дейін, былай айтсақ, кім көрінген оны жарнамаға шығарып жатты», — деді ол.
2026 жыл Қазақстан премьер-лигасы үшін ауқымды өзгерістермен басталды. Биыл «Ақтөбе» Еуропаның топ-5 лигасында өнер көрсеткен Луиш Наниді құрамына қосты. Ал қызылордалық «Қайсар» кезінде «Челси», «Ливерпуль» және «Интер» сапында ойнаған Виктор Мозесті шақырып, көпшіліктің назарын аудартты. Материалды толық мына сілтемеден оқи аласыз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық