Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
Фото: Орталық референдум комиссиясы
14 наурызда Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясында аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Олардың қатарында шет мемлекеттердің орталық сайлау органдары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бар. Сонымен қатар шетелдік сайлау әкімшіліктері басшыларымен екіжақты кездесу ұйымдастырылды.
Қазақстандағы республикалық референдумға халықаралық қауымдастық тарапынан бұрын-соңды болмаған қызығушылық байқалды. Оның дайындалуы мен өткізілу барысын жақын және алыс шетелден келген өкілдер бақылайтын болады.
14 наурызда Орталық референдум комиссиясында шет мемлекеттердің орталық сайлау органдары басшыларына арналған дәстүрлі брифинг те өтті.
Халықаралық қатысушылармен өзара іс-қимыл референдум кезеңінде аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифингпен жалғасты. Оны Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мен комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік өткізді. Брифингке халықаралық сарапшылар да қатысты.
Күн бойы Орталық референдум комиссиясы басшылығының шетелдік серіктестермен бірнеше екіжақты кездесуі өтті.
Күннің бірінші жартысында Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаевпен және Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоерзодамен кездесті.
Аталған іс-шаралар барысында Нұрлан Әбдіров қатысушыларды қазіргі референдум науқанының барысы мен негізгі ерекшеліктері туралы хабардар етті. Референдумға дайындық, сайлау инфрақұрылымының және дауыс беру учаскелерінің дайындық деңгейі, дауыс беру қорытындыларын шығару мерзімдері мен тәртібі, сондай-ақ референдум өткізуге қатысты өзге де мәселелер жөнінде толық ақпарат ұсынылды.
«Халықаралық ұйымдардың миссиялары мен орталық сайлау органдары делегацияларының референдумды халықаралық деңгейде бақылау үшін қатысуына біз ерекше мән береміз. Бұл алдағы референдумға шетелдік серіктестердің қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді. Халықаралық байқаушылар үшін референдумның дайындалуы мен өткізілуін толыққанды бақылауға барлық қажетті жағдай жасалған. Орталық референдум комиссиясы дауыс беру рәсімдерінің барынша ашықтығын, айқындығын және заңдылығын қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Кездесулер мен брифингтер барысында Орталық референдум комиссиясының төрағасы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Өз кезегінде шетелдік байқаушылар халықаралық бақылауды тиімді жүргізуге қажетті жағдай жасалғаны үшін алғыс айтып, республикалық референдумды өткізуге дайындық деңгейіне жоғары баға берді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Алматы көшелерінде автобустар не үшін қаңтарылып тұр?
- Тәжікстанда қара хиджабқа тыйым салынып, сақалдыларға бақылау күшейді
- Іздеуде болған мерзімді әскери қызметші ұсталды: Ол әскери полицияға не айтты?
- Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
- Алматы маңында жер сілкінді
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр