Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
Иран Түркия бағытына баллистикалық зымыран ұшырды деген айыптауларға жауап берді. Тегеран Түркия аумағына қарай баллистикалық зымыран ұшырды деген айыптауларды жоққа шығарып, АҚШ пен Израиль екі елдің арасына іріткі салуға тырысып отырғанын Иранның ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Иранның «Хатам әл-Анбия» орталық штабының ресми өкілінің айтуынша, Иран қарулы күштері «достас әрі көршілес» Түркия бағытына ешқандай зымыран ұшырмаған.
«АҚШ басшылығы мен сионистік режимнің бұрынғы арандатушылық әрекеттерін ескерсек, мұндай қадам екі ел — Иран мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты бұзу мақсатында жасалған болуы мүмкін. Бұл әрекет АҚШ пен сионистік режим тарапынан жасалды деген күдік бар, сондықтан оны жан-жақты тексеру қажет», деп мәлімдеді Иранның мемлекеттік телеарнасы.
13 наурыз, жұма күні Түркияның Қорғаныс министрлігі елдің әуе кеңістігінде Иран тарапынан ұшырылды делінген баллистикалық зымыранның ұсталғанын хабарлаған. Қорғаныс өнеркәсібі мен әскери авиацияға арналған Savunma sanayi порталының мәліметінше, зымыранның нысанасы Инджирлик әуе базасы болған. Зымыранды НАТО күштері атып түсірген.
Осы оқиғаға байланысты Түркия сыртқы істер министрлігі түсініктеме беру үшін Иран елшісін шақырды.
Бұған дейін Түркияның Қорғаныс министрлігі 4 және 9 наурыз күндері Иран аумағынан ұшырылды деген тағы екі баллистикалық зымыранның атып түсірілгенін хабарлаған болатын. 5 наурызда Иран билігі Түркия елінің егемендігіне құрмет білдіре отырып, оларға жасалған соққыны жоққа шығаратынын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық