Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
Коллаж: Егемен Қазақстан
Маңғыстау облысында қызды некеге мәжбүрлеу мақсатында ұрлағандарға үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұнайлы аудандық сотының 2026 жылғы 2 ақпандағы үкімімен А. және О. есімді азаматтар Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы 2-бөлігінің 1) және 4) тармақтарында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен олардың әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне «Некеге тұруға мәжбүрлеу» атты жаңа бап енгізілді. Бұл нормаға сәйкес қызды оның келісімінсіз алып қашу («қалыңдық ұрлау»), сондай-ақ некеге тұруға мәжбүрлеу немесе итермелеу жеке қылмыстық құқықбұзушылық ретінде танылады.
Аталған әрекеттер үшін айыппұлдан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында адамды ұрлау – заңға қайшы әрекет және заңмен қатаң түрде тыйым салынған. Бұл норманың енгізілуі әйелдердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық