Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстанда алаяқтықтың жаңа толқыны туралы шұғыл ескерту жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ақпаратты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне қарасты Қылмыстық қауіптерді болжау және қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдері орталығы таратты.
Енді қаскөйлер мессенджерлер мен SMS арқылы кейбір тапсырыс берген адамдарға «жеткізу уақыты өтіп кетті» деген жалған хабарламаларды жаппай таратуды қолға алған. Мамандардың айтуынша, мұндай хабарламалар алғашқы қарағанда зиянсыз көрінеді және курьерлік қызметтердің әдеттегі ескертулеріне ұқсайды.
Хабарлама мәтінінде курьердің сәлемдемені уақытында жеткізе алмағаны айтылып, жеткізуді қайта рәсімдеу үшін арнайы сілтеме арқылы өту ұсынылады. Алайда көрсетілген сілтеме логистикалық компаниялардың ресми сайттарына ұқсатып жасалған жалған сайтқа апарады.
Содан кейін пайдаланушыдан жеке мәліметтерін: аты-жөні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайын енгізіп, сәлемдемені қайта жеткізу үшін шағын төлем жасау сұралады.
«Пайдаланушы қажетті мәліметтерді енгізіп, төлем жасағаннан кейін қылмыскерлер құпия деректер мен банк реквизиттеріне қол жеткізеді. Бұл тек қаржылық шығынға ғана емес, жеке деректердің кейін қылмыстық схемаларда пайдаланылуына да әкелуі мүмкін», деп ескертті Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Ведомство ел тұрғындарына тағы да қарапайым, бірақ маңызды сақтық шараларын ұстануды еске салды:
- егер жеткізу күтпесеңіз, мессенджерлер мен SMS-тегі сілтемелерге өтпеңіз;
- сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз — алаяқтық сайттар көбіне бір-екі әріппен немесе таңбамен ғана ерекшеленеді;
- күмәнді ресурстарға жеке және банк деректерін енгізбеңіз;
- жеткізу мәртебесін тек курьерлік қызметтер мен логистикалық компаниялардың ресми сайттары немесе қосымшалары арқылы тексеріңіз;
- күмәнді хабарламаларды елемей, жіберушіні бұғаттаңыз.
Еске салсақ, 11 наурызда Алматыда шетелдік күмәнді сәлемдеме тапсырыс беріп, қамауға алынды. Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жеткізу қызметінде жұмыс істейтін курьер сәлемдемеге күдіктеніп, полицияға хабар береді. Полицейлерді көрген Сьерра-Леоне азаматы қашып кетуге әрекеттенгенімен, оқиға орнында ұсталды. Қорапты тексеру барысында оның ішінен есірткіге ұқсас зат табылған.
Оқи отырыңыз:
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Қазақстанда интернет-алаяқтық 25%-ға артты
- Бас прокуратура интернет-алаяқтардың шабуылы күшейгенін ескертті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық