Референдумға қатысуға кімдердің құқығы жоқ?
Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасының президенті 2026 жылғы 11 ақпанда 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Осы Жарлық және Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланды.
Конституциялық реформа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы парламент құру жөніндегі бастамасы негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында жариялаған болатын.
Жаңа Ата заңға байланысты қоғамдық талқылау аясында комиссияға eGov және e-Otinish порталдары арқылы азаматтардан шамамен 10 мың пікір мен ұсыныс түскен.
Жарлыққа сәйкес, Республикалық референдумды дайындау мен өткiзу Орталық референдум комиссиясының функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ аумақтық және учаскелiк референдум комиссияларының функцияларын орындайтын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдады.
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы № 2592 Конституциялық Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикалық референдумды тағайындау, дайындау және өткізу тәртібін айқындайды.
Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттік өмірінің өзге де аса маңызды мәселелері жөніндегі шешімдерінің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты ретінде еркін сайлау белгілейді, ал егемендіктің иесі әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық.
Конституцияның 33-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтарына шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе өзге де жағдайларға қарамастан мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығы кепілдендірілген.
Алайда сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға қатысуға, сайлануға және республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
Еске салсақ, 12 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Конституция мемлекеттіліктің қалыптасуында маңызды рөл атқарғанын, сондықтан оны сынай беруге болмайтынын айтты.
Бұған дейін Президент жаңа Конституция мәтінін әзірлеуге атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдірген болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық