Зумерлер көтерілісі: мэрді өлтіргеннен кейін Мексиканы наразылық толқыны жайлады
© Shutterstock / FOTODOM / Andrea Quintero Olivas
Сенбі күні Мексика бойынша мыңдаған адам «Z ұрпақтар» ұранымен Ұрапан мэрі Карлос Мансоны өлтіргеннен кейінгі зорлық-зомбылықтың артқанын айыптап, наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Orda.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Қала басшысын 1 қарашада Қайтыс болғандар күніне арналған көпшілік шарада атып өлтірді. Мехикода маскалы наразы топ президент Клаудия Шейнбаум тұратын Ұлттық сарайдың қоршауын сындырды. Бұл көзден жас ағызатын газ қолданған полициямен қақтығысқа әкелді.
Елордадағы билік зардап шеккен 100 полиция қызметкері мен 20 азамат туралы хабарлады; 20 қатысушы тұтқындалды, тағы 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шерулер кезінде Мексикадағы демонстранттар - «Морена кетсін!», басқалары - «Карлос өлген жоқ, оны үкімет өлтірді!» деп айқайлады. Митингілер елдің басқа да қалаларында, соның ішінде Мичоакан штатында да өтті.
Акцияға шақырған «Мексиканың Z ұрпақтары» тобы ешқандай партияға қатысы жоқ екенін және зорлық-зомбылық, сыбайлас жемқорлық пен билікті теріс пайдаланудан шаршаған жастардан құралғанын манифесте мәлімдеді. Z буыны 1997-2012 жылдары туған адамдарды қамтиды және бүкіл әлем бойынша осы атаудағы топтар әлеуметтік және саяси өзгерістерді қолдайды.
Шейнбаум үкіметі жастардың бұл әрекетіне күмән келтіріп, оларды көбінесе оңға бағытталған оппоненттер ұйымдастырып, әлеуметтік желілердегі боттар арқылы наразылықтарды насихаттайды деп мәлімдеді.
Қыркүйек айында Непал билігі Facebook, Instagram, YouTube, X, Reddit және LinkedIn сияқты ірі әлеуметтік желілерді жергілікті министрлікте тіркелмегені үшін бұғаттады. Бұл елдегі жастардың ызасына тиіп, наразылық танытуына себеп болды. 1995–2012 жылдар аралығында туған жастар өздерінің көтерілістерін «Зумерлер революциясы» деп атады.
Шетелде зумерлер ұрпағы өкіметті өзгерткісі келсе, біздің елде қыршынынан қиылып, кісі қолынан қаза тауып жатыр: Ақмола облысында жеткіншек қызды қатыгездікпен пышақтап өлтірген күдікті ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық