Жыланбаевтың түрмедегі жағдайы нашарлап кетті ме?
Сотталған супермарафоншы Марат Жыланбаевтың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды Orda.kz Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметіне сілтеп.
«Сотталған Жыланбаев үкіммен келіспей, тамақтанудан бас тарту туралы өтініш берген. Дегенмен бейнебақылау камералары жазбаларына сәйкес, ол су, шай және компот ішеді, таңертең физикалық жаттығумен айналысады. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Сотталған адам медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Жекелеген жарияланымдарда таратылатын оның салмағы 45 келі екені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жыланбаев ҚАЖК басшылығы, қадағалау органдары мен құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің жеке қабылдауында бірнеше рет болды. Оның атына адам құқықтары жөніндегі уәкілдің түсіндірме хаты жолданды. Сотталғаннан арыз-шағым түскен жоқ», деп жауап берді ҚАЖК журналистердің сұрауына.
Бұған дейін құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Жыланбаевтың есінен танып қалғанын хабарлаған болатын.
Марат Жыланбаев 62 жаста. Ол - қазақстандық марафоншы, ультрамарафоннан халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Гиннесстің рекордтар кітабына енген марафоннан жеті әлемдік рекорд орнатты. Азияда, Африкада, Австралияда және Америкада ғаламшардың ең ірі шөлдерін жүгіріп өткен жалғыз адам.
Ол тұтқындалғанға дейін митингілерге қатысып, Қазақстанда оппозициялық партия құруға тырысып, мәжіліс депутаттығына да үміткер болған.
2023 жылдың қарашасында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Жыланбаевты қоғамдық-саяси қызметке үш жылға тыйым салып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Оған «сот тыйым салған экстремистік ұйымды қаржыландырды» (бірақ Еуропалық парламент «бейбіт оппозиция» деп таныған), сондай-ақ оның қызметіне «қатысты» деген айып тағылған. Сот процесі жабық өтті.
Жыланбаев айыптауларды жоққа шығарып, оларды саяси сылтау деп атады.
Халықаралық және қазақстандық құқық қорғау ұйымдары Марат Жыланбаевты босатуға бірнеше рет үндеу жасады, ал еліміздің құқық қорғаушылары оны саяси тұтқындар тізіміне қосып қойған.
Біз бұған дейін өзі түрмеде отырып, түрме басшысынан тайсалмаған Марат Жыланбаевтың хатын қысқартып жариялағанбыз.
Жақында Марат Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев марафоншының сегізінші рет аштық жариялауына не себеп болғанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық