Түрмедегі азап: Марат Жыланбаевтың сегізінші аштығының себебі не?
Фото: Facebook / Марат Жыланбаев
Марат Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев марафоншының сегізінші рет аштық жариялауына не себеп болғанын айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
2025 жылдың 28 мамырынан бастап Жыланбаевтың тағы да аштық жариялағаны белгілі болды. Бұл жолғы аштықтың басты себебі – жыл басынан бері оған жіберілген хат-хабардың жетпеуі.
«2025 жылдың басынан бері ол Қазақстанда шығатын газеттердің нөмірлері бар үш-ақ хат алған. Оған барлығы 19 хат жолданған еді. Спортпен бірге айналысқан немесе туыстық байланысы бар адамдардан келген басқа да хаттар мүлде берілмеген. Оның өзі жазған хаттары да мекеме қабырғасынан шықпай отыр. Ал бұл – оның Конституциямен бекітілген құқығын бұзу. Осы жағдай оның сегізінші рет аштық жариялауына түрткі болды», – деді адвокат.
Қазақстан билігі Марат Жыланбаевты «саяси тұтқын» деп есептемейді. Марат Жыланбаев колонияда жиі аштық жариялайды. Оған жүгіруге, сурет салуға тыйым салынған. Адвокаты белсендінің құқығы тапталып жатқанын бірнеше рет айтты.
Марат Жыланбаев — әлемдегі 4 шөлді кесіп өткен алғашқы әрі жалғыз марафоншы. Ол Азиядағы Қарақұм шөлінің 1200 шақырымын 20 күнде кесіп өтсе, дүниежүзіндегі ең үлкен шөл Сахараның 1700 шақырымын 24 күнде жүріп өткен.
Еске сала кетейік, Марат Жыланбаев туралы фильм Алматыда тағы да көрсетілмейтін болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық