«Журналистерді босатуды талап етті»: Алматыда тағы бір белсенді пикетке шықты
Фото: Видеодан алынған кадр
«Oyan, Qazaqstan» қозғалысының мүшесі Ақмарал Жәкібаева да пикетке шықты, деп хабарлайды Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап.
Ақмарал Жәкібаева Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебек пен пикетке шыққан журналистер – Әсем Жәпішева мен Руслан Бикетовті босатуды талап етті.
Еске салайық, бүгін Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдірген Сергей Зинченко да ұсталған еді.
Ол жалғыз өзі Темірлан Еңсебекті қолдап пикетке шықты. Белсендіге әкімдік, прокуратура және полиция қызметкерлері келді. Олар бейбіт митинг туралы хабарлама алмағанын айтып, пикетті тоқтатуды талап етті. Сергей Зинченко талаптан бас тартқан соң, оны ұстап әкетті.
Айта кетейік, 17 қаңтар күні QazNews24 қоғамдық парақшасының әкімшісі 2 айға қамалды. 19 қаңтар күні журналист әрі Art of Her журналының бұрынғы бас редакторы Руслан Бикетов жалғыз өзі пикетке шыққан еді. Оны да полиция алып кетіп, 15 күнге қамады.
Кеше, 20 қаңтарда пикетке шыққан журналист Жәпішева да ұсталып, қамалды. Журналистке «Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» (488-бап) деген айып тағылған. Жәпішева сот шешіміне келіспейді. Адвокат Ғалым Нұрпейісов апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық