Журналист Думан Мұхаммедкәрімді 2 айға карцерге қамап тастады
Коллаж: Orda.kz
Журналист Думан Мұхаммедкәрімді 2 айға карцерге қамап тастады. Aқпаратты Думан Мұхаммедкәрімнің адвокаты Ғалым Нұрпейісов Orda.kz сайтының тілшісіне растады.
Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше Думан Мұхаммедкәрім түрме киімін кимегені және дәретхана жумағаны үшін 60 күнге карцерге қамалған.
«Ең басында оны ауруханаға апарып, МРТ-ға түсіп, емделіп жүрген. Карцерден шығарды. Енді қайта 60 күнге қамап тастап жатыр. Ішкі тәртіпті орындамағаны үшін деп айтып жатыр ғой. Түрменің киімін кимей, ішкі жұмыстарды істеуден бас тартқан. Думан айтады: «мен ішкі жұмыстардан бас тартпаймын. Камераны жинаймын, едендң жуамын. Бірақ мен дәретхананы жумаймын, себебі ол жалпы көпшіліктің отыратын дәретханасы. Бірақ ішкі жұмыстардан бас тартпаймын деп айтты», — деді Ғалым Нұрпейісов.
Думан Мұхаммедкәрім «тыйым салынған ұйымның ісіне араласты» және «экстремизмді қаржыландыру» деген айыптармен ұсталған болатын. 20 рет сот отырысы өтіп, 2 тамыз күні үкім шықты.
Бүгін ол 405-баптың 2-бөлігі және 258-баптың 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айырылды.
Еске сала кетейік, сотқа дейін Думанның ісіне қатысты өткен баспасөз мәслихаты жайлы жазған болатынбыз. Онда Думан Мұхаммедкәрімнің қазіргі уақытта денсаулығы нашарлап, ауруханада жатқаны жайлы айтылған.
Бұған дейін Orda.kz оның соты жайлы жазды. Онда Думан Мұхаммедкәрім «сотқа сенім білдіресіз бе?» деген сұраққа: «Менде таңдау жоқ, сенсем де, сенбесем де сол! Менің үкімім баяғыда шығып қойған!» деп жауап берген болатын.
Еске сала кетейік, жиырмасыншы сотына Orda.kz тілшісі қатысып, соңғы сөзін естіп қайтты. Ол соңғы сөзінде тағылған айыптарды мойындамайтынын айтты. Сол кезде сот жоғарыдағы айып бойынша Думан Мұхаммедкәрімді жеті жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық