Думан Мұхаммедкәрімнің тағдыры не болмақ?
Бүгін Алматы қаласында Думан Мұхаммедкәрімнің ісіне қатысты саясаткер Рысбек Сәрсенбай баспасөз жиналысын өткізді.
Тағылған айыптар қандай?
2023 жылы Думан Мұхаммедкәрімге 405-баптың, 2-бөлігіндегі «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» айыптары тағылған болатын. Оның айыпталуына Қазақстанда тыйым салынған, экстремистік ұйым деп танылған ҚДТ жетекшісі Мұхтар Әбіләзовтен алған сұхбаты себеп болды. Еске сала кетейік, прокурор Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға бас бостандығынан айыруды және 3 жыл қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салуды сұрағанын жазған болатынбыз.
Orda.kz тілшісі баспасөз жиналысына барып, Рысбек Сәрсенбайдың мәлімдемесін тыңдап қайтты. Ол Думан Мұхаммедкәрімнің ісіне қатысты соттың жабық өту себебі –негізсіз айыптап отырғандарын көпшіліктен жасыру екенін айтты. Рысбек Сәрсенбай осы сот ісін үнемі қадағалап отырғанын және тағылған екі айыптың да негізі мен дәлелі жоқ екеніне анық көзі жететінін де баса айтып өтті.
Экстремистік ұйымды қаржыландыру
«Экстремистік ұйымды қаржыландыру айыбы жайлы айтатын болсам, 280 адам Мұхтар Әбіләзовтің адамдарының есепшотына ақша аудармақ болған. Әрекет жасалғанымен ақша түспеген. Өйткені олардың есепшоты алдын ала біздің Қазақстанның құзырлы органдары арқылы бұғатталған. Демек қаржыландыру болған жоқ. Ол адамдар өз бетінше аударды ма, әлде Думанның арнасында жарияланған бейнежазбаны көріп аударды ма, Әбіләзовтың күнде көрсетіп жатқан бейнежазбаларына қарап аударды ма? Соның басын ашып алу керек», — деді Рысбек Сәрсенбай.
Сондай-ақ, ол осы ақша аударғандар Думанды танымайтынын да айта кетті.
«Сұраққа алынған, ақша аудармақ болған адамдардың бірде біреуі Думанды білмейді. Бірен-сараны «Ne deidi» бағдарламасын көреді. Бірақ, біз сол ақшаны аударып отырдық деген сөз болмады. Ақша Есіл аудандық сотының шешімі бойынша негізінен тыйым салынған ҚДТ-ға немесе ұйым мақсатына жиналған ақша емес. Парижде жүрген банкир, саясаткер, қазір қашқындағы адам деп те айтады, өзін француз соттарынан қорғауға адвокаттарына ақша сұрады. Бұл ешқандайда ұйымның қызметіне, мақсатына пайдаланылатын ақша емес. Сондықтан Думан ақша жинап берді деген айыптаулардың ешқандай мәні де жоқ, дәлелі де жоқ, негізі де жоқ», — деді саясаткер.
Журналистің ауруханаға түскені жайлы Orda.kz жазған болатын. Саясаткер абақтыға түскен журналистің әлі ауруханада екенін айтты. Бүгін қайта абақтыға әкетпек болыпты. Алайда Рысбек Сәрсенбай денсаулығы нашарлаған журналистің абақтыға баруға мүлде күйі келмегенін айтты.
Тыйым салынған ұйымның ісіне араласу
Тағылған екінші айып туралы Рысбек Сәрсенбай сұхбатта ешқандай экстремистік насихаттың болмағанын және Думан Мұхаммедкәрімнің Әбіләзовті сынағанын айтады.
«Думанның Әбіләзовпен жүргізген сұхбаты және басқа да қосымша 3 бейнежазбада ондай көрініс жоқ. Былайша айтқанда Думан экстремистік ұйымның, қозғалыстың идеяларын, бағдарламаларын олардың мақсаттарын жарнамалаған жоқ. Керісінші ол жердегі мәселе — «оппозиция арасында неге бірлік жоқ?», «оппозицияға халықтың сенімі неге төмен?», «өзгеріс жасау үшін не істеу керек?» деген тақырыптарды қамтиды. Сондай-ақ, ол жерде сұхбат алушы журналист сұхбат берушінің өзін сынайды», — деді саясаткер.
Оның сөзінше сұхбатты көрген адамдар бұл сөзіне дәлел бола алады. Оның сөзінше сұхбатта ешқандай экстремистік идея жоқ.
Сарапшылардың кереғар пікірі
Судья үкім шығарарда сарапшылардың пікіріне сүйене отырып үкім шығарады. Рысбек Сәрсенбайдың сөзінше алғашқы Мирзаходжаев жасаған сараптама мен Конституциялық соттың штабтан тыс кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, професор Абай Қайыржанов жасаған сараптама мүлде кереғар. Рысбек Сәрсенбай Абдулла Мирзаходжаев жасаған сараптама біржақты екенін айтады.
«Сараптаманы негізсіз, болмаса орынды деп тану судьяның құзіретінде. Ол үкім шығаратын кезде міндетті түрде сараптамаға жүгінеді. Ал сол сараптама дұрыс жасалса, соттың шешімі де әділетті болады. Думанның ісіне қатысты Мирзаходжаев деген сараптамашының жасаған сараптамасы өте күмәнді. Ол көпе-көрінеу көзге көрініп тұрған нәрсені бұрмалап, экстремистік идеяларды насихаттау нышаны бар деген сияқты өзінің біржақты, қате пікірін жазған», — деді.
Рысбек Сәрсенбайдың сөзінше, конституциялық соттың штабтан тыс кеңесшісі Думан Мұхамедкәрімнің Мұхтар Әбіләзовтан алған сұхбатын қарап, жасаған сараптамасы онда айып тағатын дәйектердің жоқ екенін көрсетіп берді.
«Ал енді одан бұрын басқа профессор, конституциялық кеңестің штабтан тыс кеңесшісінің жасаған сараптамасы Мирзаходжаев жасаған сараптамаға мүлде кереғар. Ол «сұхбатта тағылған айыпты дәлелдейтіндей ешқандай дәйектемелер жоқ деген баға беріп отыр. Бұл кеңесші ғылыми тәжірибесі бар ғалым. Сот енді сол екі сараптаманың қайсысын негізге алады? Ғылыми дәрежесі бар профессордың ба, жоқ әлде, магистрлік деңгейдегі білімі бар, әрі лицензиясынан айрылған адамның пікірін негізге ала ма? Егер шынтуайттап сот отырысын өткізсе, заңдық нұсқамаларды негізге алып, заңды рас сақтап өткізілетін сот болса, Думанды сөзсіз ақтайды», — деді ол.
Сөз бостандығы
Думан Мұхамедкәрім 2022 жылғы қаңтар оқиғасының ортасында жүріп, тікелей эфирге шыққан болатын. «Ne deidi» youtube арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім өзінің арнасында бұл оқиғаға қатысты шығарылымдар жариялап отырды. Осыған қатысты Рысбек Сәрсенбай оны саяси сатыға көтерілген журналист ретінде бағалайтынын айтты.
«Думан Мұхамедкәрім ең алдымен журналист және саясатта жүрген журналист. Саясат деген қоғамда болып жатқан оқиғалар, әрекеттер, көріністер. Журналист ретінде осының бәрі Думанның негізгі тақырыбы болды. Менің бағалауымша Думан, әсіресе, 2022 жылғы қанды қаңтардан кейін күрт өзгеріп, жаңа сатыға көтерілген журналист. Оның кәсіби шеберлігіне, журналистік қызметіне өте жоғары баға беруге болады. Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде оның белсенді болып өзіндік орнын тапты. Өйткені ол қаңтар оқиғасын өз көзімен көрді. Ресми түрде хабарлағандай, 238 адам қаңтар оқиғасында оққа ұшты. Бұның өзі қаншама үйге қайғы-қасірет әкелді?!.», — деді Рысбек Сәрсенбай.
«Тәуелсіз журналистика тағдыры»
Сондай-ақ, Рысбек Сәрсенбай сот шешімі Думан Мұхаммедкәрімнің ғана тағдырын шешпейтінін, бүтін бір тәуелсіз журналистиканың тағдырын шешетінін айта кетті.
«Осы бір мәселенің өзі Қазақстандағы сөз бостандығы мен тәуелсіз журналистиканың ахуалын көрсетеді. Бұл Думанның ғана тағдырын шешпейді. Бұл қазақстандағы сөз бостандығының тағдырын шешеді», — деді Рысбек Сәрсенбай.
Баспасөз жиналысының соңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылған «Ерін қорғаған ел атынан» деген мәлімдемеге Думан Мұхаммедкәрімнің жақтастары қол қойып шықты.
Ертең Қонаев қалалық сотында Думан Мұхаммедкәрімге үкім оқылады. Orda.kz осы Думан Мұхаммедкәрімнің сотын назарда ұстап, ақпарат береді.
Жаңалықтар
- Шавкат Рахмонов пен Ян Гарри жекпе-жегі
- Елімізде байланыс қызметі тарифтері жыл соңына дейін өзгермейді - Цифрлық даму министрлігі
- Тоқаев Доха форумы конференциясының ашылу салтанатының құрметті қонағы
- Түркияның бұрынғы Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындалды
- Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады
- Полиция тексеру бастады: Алматыда намаз оқу үшін көшені жапты
- Катарда Сирия бойынша Астана форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді
- 8-сынып оқушысының өліміне қатысты екі оқушы сотталды
- «Маңғыстаумұнайгазға» жаңа бас директор тағайындалды
- Бұрынғы спорт министрінің ағасы жұдырық ала жүгірді
- Тоқаев Катарға жұмыс сапарымен барды
- Алматының сейсмикалық қауіпсіздігіне 14 миллиард жұмсалады
- Әскердегі сержанттың озбырлығы сау жігітті жындыханаға аттандырды
- Туған шешесін баспанасыз қалдырмақшы болған
- Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған вице-министр көлік полициясын басқарды
- Тергеу абақтысы қызметкерін бір жапырақ нан үшін жазалады
- Қазақстан гүлденген 50 елдің қатарына енді
- «Билікті басып алуға тырысқан» кәсіпкер сотта мойнын тіліп жіберді
- «Қыз алып қаштым»: Депутаттар сексизмнен феминизмге қалай ауысты?
- Қор нарығында доллар бірден 9,31 теңгеге арзандады