Жолдауда тіл, оралман мәселесі мүлде айтылмады - Дос Көшім
2021 жылдың 1 қыркүйегінде дәстүрлі түрде президент Қасым Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға өзінің кезекті жолдауын жасады. Жолдауда елді елең еткізетін тіл мәселесі және президент бағдарына күмән келтіретіндер туралы айтылды.
Осы бастамалар мен айтылған сөздер төңірегінде Orda.kz журналисі саясаткер Дос Көшіммен әңгімелесіп көрді.

Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Біздің заңнамаға сәйкес, оның қолданылуын шектеуге болмайды
Тоқаевтың аузынан шыққан осы сөзді қоғам екі түрлі мағынада түсінді. Біріншісі қазақ тілін жығып беріп отыр десе, екінші тап тілдің мәртебесі айшықталғанын алға тартады. Дос Көшімнің айтуынша, бұл Ақорданың орыс тілі туралы бұрыннан ұстанған саясаты.
– Жолдауда тіл, оралман мәселесі мүлдем айтылмады. Керісінше, өте қауіпті дүние айтылды. Ол – орыс тілі - ресми тіл дегені. Біздің заңымызда орыс тілі ресми тіл ретінде мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару орындарында ғана қолданылады. Ол кісі (Тоқаев-ред) ресми тіл деп қойып қалды да, үлкен қателік жасады.
Әдейі жасады, мен оны қателік деп айтпаймын. Бұл әдейі жасалған дүние. Бұл жерде Ресейдің еш қатысы жоқ, бұл біздің орысшыл биліктің өздерінің көзқарасы. Олар қазақ тілінің дамуынан қорқады. Ресейге жабудың еш керегі жоқ. Бұл Ақорданың, биліктің баяғыдан келе жатқан көзқарасы.
Мемлекет басшысының саясатына күмәнмен қарайтындар, жұмысын атқара алмайтындар, уақыт өткізіп босқа отыратындар мен президенттің тапсырмаларын орындаудан жалтаратындар болса, қызмет орындарын босатулары керек.
Бұл жолдау соңында айтылған Тоқаевтың нүктелі сөзі. Саясаткердің айтуынша, президент тапсырмаларын орындаудан жалтаратындар деп президент оппозиция өкілдерін атаған болуы мүмкін.
– Меніңше, бұл жалпылама айтылған сөз. Ол барлық басшылықтың айтатын сөзі. Бір орталыққа бағынайық, бір бағытта жүрейік деген еш дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Жолдауда оларды шешудің жолдары айтылған жоқ. Менің ойымша бұл сөз мемлекет қызметкерлеріне емес, оппозициялық топ пен ұлтшылдарға айтылған сияқты. Себебі мемқызметкерлер ешқашан үн шығармайды.
Тоқаев биыл үшінші рет жолдау жасады, осыған дейінгі екі жолдаудан айырмашылық бар ма?
– Менің ойымша ешқандай айырмашылық жоқ. Баяғы экономикалық және әлеуметтік мәселе. Менің күтіп, көз тігіп отырған екі мәселем бар. Біреуі демократиялық реформа, екіншісі ұлттық мәселе. Бұл екеуі әр уақытта көлеңкеде қалады. Бұл жолғы жолдауда да дәл солай болды. Не демократиялық реформалардың қай бағытта болатыны туралы мәселе айтылған жоқ. Біз оны жалғастырамыз деп қойды. Не жалғастырады? Ешнәрсе жасаған жоқ осы уақытқа дейін, - дейді Дос Көшім.
Жаңалықтар
- Путин мен Тоқаев стратегиялық серіктестікті талқылады
- Данай Шайықов әлемдегі ең мықты кәсіби хоккей лигасының мүшесі болды
- Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
- «16 жасында елді дүр сілкіндірген ақын»: Мұхтар Шахановтың өмірі мен ұстанымы
- Құрылтай — жаңа формат: Президент Құрылтай сайлауы мен оның маңызына тоқталды
- Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы алғашқы жұп белгілі болды
- Тарихи өзгеріс: Қос палатаның соңғы отырысы
- Талғарда сегіз үйді өрт жалмап кетті
- 2026 жылғы 1 шілдеде бірден алты лауазымды тұлға тағайындалады
- «75 ісі»: Қамшыбек Тәшиевке тоғыз жыл түрме жазасы сұралды
- Мүфтият мәһрдің ең төменгі мөлшерін түсіндірді
- Елдегі жанармай талан-таражға түспейді: Ресеймен шекарада бақылау күшейтілді
- Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза болды
- ӘЧ-2026: Роналду, Месси және Мбаппе — Forbes тізіміндегі бестіктің табысы қанша?
- Астанада полиция туралы ролик түсіріп, жариялаған блогер жазаланды
- Әкімшілік амнистия: 300 миллион теңгеге жуық айыппұл кешіріледі
- АҚШ елшілігі: Сұхбат қазақ тілінде өтіп, 10 жылдық виза беріледі
- Паттайяда туристің шабаданынан 17 жастағы қыздың мәйіті табылды
- Алтын іздегендер жер қопаруды қояр емес – ҚМА ауқымды арнайы операцияны көрсетті
- Бюджет тапшылығы: Қазақстан халықаралық банктерден жарты триллион теңгеге жуық қарыз алады